» » АУДАН ӘКІМІ БІРҚАТАР ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

АУДАН ӘКІМІ БІРҚАТАР ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ


Аудан әкімі Жандос Еркінбек бірқатар әлеуметтік және құрылыс нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Алдымен аудан басшысы аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде болды. Қазіргі таңда 300 көрермен орындықтары жаңартылып, үлкен спорт залының ішкі жарықтандыру жүйесі толық ауыстырылуда. Сонымен қатар, таеквондо және тренажер залдарына жаңа жабдықтар орнату, резеңке негізді спорттық жабынды төсеу, пластикалық отырғыштар жұмыстары жүргізілуде. Кешеннің ішкі есіктерін орнату жұмыстары да аяқталуға жақын.

Аудан әкімі одан кейін Тәуелсіздік ықшам ауданда салынып жатқан тұрғын үй құрылысының сапасын бақылады. Бұл нысандарда екі мердігер жұмыс атқаруда. Инженерлік-коммуникациялық жүйелер бойынша екі нысанда да электр және су жүйелері толық қосылған. Газ жүйесін қосу жұмыстары аяқталуға жақын. Жылу жүйесі және төбе жабынын орнату жұмыстары жоспарлы түрде жалғасуда. Сыртқы абаттандыру, қоршау, тас төсегіш (брусчатка) төсеу жұмыстары кезеңімен орындалуда.

Аудан әкімі бұдан соң «Қазавтожол сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің №56 «Қармақшы жол пайдалану бөлімшесіне» барып, қыс мезгілінде автожолдарды күтіп ұстауға дайындық жұмыстарымен танысты. Мұнда қысқы маусымға арналған арнайы техникалар мен материалдардың дайындық деңгейі, жол қызметкерлерінің жұмыс жоспары қамтамасыз етілуі қаралды.

Жалпы, аудан әкімі аталған нысандардың барысын тұрақты түрде бақылауда ұстап келеді. Әрбір нысанның уақытылы аяқталуы, сапалы орындалуы және тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілуі – аудан басшысының үнемі қадағалауындағы басты міндеттердің бірі. Осыған орай, Жандос Еркінбек жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы мен мерзімінде аяқталуының маңыздылығына назар аударып, тиісті сала басшылары мен мердігерлерге нақты тапсырмалар берді.

31 қазан 2025 ж. 83 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 900
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 602

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930