» » ТӨРЕБАЙ БИ - ТАРИХЫ ТЕРЕҢ, ЕҢБЕГІ ЕРЕН АУЫЛ!

ТӨРЕБАЙ БИ - ТАРИХЫ ТЕРЕҢ, ЕҢБЕГІ ЕРЕН АУЫЛ!


Киелі Қармақшы топырағында орналасқан Төребай би ауылы биыл өз тарихының 60 жылдық мерейлі белесін тойлауда. «Жосалым көк табанның сабатында» атты салтанатты шара елді мекеннің құрылу тарихын бейнелеген әсерлі көрініспен ашылып, сахна төріне шыққан ардақты тұлғалар ауылдың өткені туралы тағылымды ой толғады.

Мерекелік шара ауыл тарихын, рухани байлығын айшықтайтын ұлттық нақышта безендіріліп, түрлі көрмелермен өрнектелді.

Тағылымды кешке аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудан ардагерлері, ауыл тұрғындары мен жастар белсене қатысты.

Салтанатты жиында алғашқы құттықтау сөзді Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек сөйлеп, ауылдың өсіп-өркендеуіне үлес қосқан азаматтарға ізгі лебізін білдіріп, аудан әкімінің Алғыс хаты мен ауылдың 60 жылдық мерейлі мерекесіне арналған төсбелгілерін табыстады.

Сондай-ақ, ауылдың алғашқы іргетасын қалаған азаматтар – Қазиев Орныққан, Байшораев Пахреддин, Ысқақов Қуаныш, Ұзақов Мәлік және Амантаев Ахмет сынды тұлғалардың есімдері ерекше ілтипатпен еске алынды.

Мерекелік концерт «Шуақ» әжелер ансамблінің әуезді әнімен басталып, жастар мен ауыл өнерпаздарының орындауындағы туындылармен жалғасты.

Елді мекеннің мерейлі мерекесі ұлттық спорт түрлерімен де айшықталды. Кеше ауыл алаңында қазақ күресі, қол күрес, арқан тартыс, гір тасын көтеру секілді спорттық сайыстар өтсе, бүгін бәйге жарысы ұйымдастырылып, көпшілікке ерекше әсер сыйлауда.

Жарты ғасырдан астам тарихы бар Төребай би ауылы бүгінде бірлігі жарасқан, еңбегімен еленген елді мекенге айналып отыр.

27 қазан 2025 ж. 360 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 125
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 711

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031