» » ҚҰТТЫ МЕКЕН - ҚУАҢДАРИЯ АУЫЛЫНА 60 ЖЫЛ

ҚҰТТЫ МЕКЕН - ҚУАҢДАРИЯ АУЫЛЫНА 60 ЖЫЛ

Қуаңдария ауылының 60 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған мәдени-көпшілік іс-шараларға аудан әкімі Жандос Еркінбек қатысты.

Аудан басшысы мерейлі мерейтойға жиылған жұртшылықты ауылдың тарихи 60 жылдық белесімен құттықтап, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарға мерекелік медальдар мен алғыс хаттар табыстап, құрмет көрсетті.

Іс-шара аясында еңбек ардагері Шегебай Құндақбаевтың «Шалғасқаттан Қуаңдарияға дейін» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Мерейтойға арнайы шақырылған қоғам қайраткері Бекмырза Еламанов, Вьетнам соғысының ардагері Иса Бисенов және аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов құттықтау сөздерін сөйлеп, ізгі тілектерін білдірді.

Мерекелік іс-шаралар әрі қарай ат бәйгесі мен ұлттық спорттық ойындармен жалғасты.

Айта кетейік, екі күнге созылған мерейтой аясында «Құтты мекен – Қуаңдария» тарихи мұражайының ашылуы, Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдіраш Өмірбаевтың 100 жылдығына арналған «Өткенге құрмет – ұрпаққа өнеге» атты тағылымдық кеш және облыстық филармония өнерпаздарының, эстрада әншілерінің қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды.

28 қазан 2024 ж. 432 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 422
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 229

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930