» » Республика күніне орай аудандық «Жайдарман» ойындарының финалы өтті

Республика күніне орай аудандық «Жайдарман» ойындарының финалы өтті


Жыл басында бастау алған бұл тартысты сайысқа барлығы 16 команда қатысып, көрерменге шаттық пен күлкі сыйлады. Әзіл мен тапқырлыққа толы әр кезеңнен сүрінбей өткен 5 үздік команда ақтық сынға жолдама алды.

Финалда командалар 2 тур бойынша өнер көрсетіп, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады. Нәтижесінде Қармақшы ауданы әкімінің арнайы кубогі сарапқа салынды.

Қазылар алқасы құрамында:
Ә.Басаров — облыстық жастар ресурстық орталығының директоры
Н.Сипанов — облыстық «Жайдарман» филиалының директоры
М.Науанов — ардагер жайдарманшы
К.Раева — қазақ тілі қоғамының директоры
А.Іскендіров — К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйі директорының орынбасары болды.

Ойын қорытындысы:
1 орын — Жеті жұлдыз командасы
2 орын — Бір үйдің қыздары командасы
3 орын — Далада қалғандар командасы

Жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар мен түрлі сертификаттар табысталды.
Сондай-ақ, ойын үздіктерінің бірі “Жеті жұлдыз” командасына облыстық мектепшілік лигаға жолдама, “Бір үйдің қыздары” командасы облыстық жоғарғы лигаға жолдама алды.

Бұл ойындар — жастардың шығармашылық қабілетін шыңдап, достық пен бірлікті нығайтқан маңызды шара болды.

26 қазан 2025 ж. 305 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930