» » Жайдарман ойындарының ақтық мәресі өтті

Жайдарман ойындарының ақтық мәресі өтті

Жыл басында басталған маусымашар ойындарына 16 команда тіркеліп, 5 команда ақтық мәреге жолдама алған болатын.

Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Көшеней Рүстембеков атындағы жыраулар үйінде жайдарман финалы өткізілді.

Жайдарман ойынына аудан әкімінің кубогі сарапқа салынып, 5 команда бақтарын сынады.
Ойын қорытындысы бойынша: ІІІ орын Кәмпит командасы (ІІІ Интернационал), ІІ орын 25 км командасы (Иіркөл ауылы), І орын 1, 1, 3 командасы (Қармақшы ауылы) иеленіп, аудан әкімінің кубогі мен қаржылай сыйлықтар табысталды.

Одан бөлек “Amanat” патиясының Қармақшы аудандық филиалының тарапынан командаларға сыйлықтар берілді. Үздік ойыншы номинациясы бойынша 1, 1, 3 командасының ойыншысы Кеңшілік Құлмұхаммед жеңіп алды.

Осы ойынға арнайы тігілген Жосалы кент әкімінің кубогін 25 км командасы иеленіп, қаржылай сыйлық табысталды.

05 желтоқсан 2024 ж. 369 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 774
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 219

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930