» » ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТӘТТІСІ

ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТӘТТІСІ

Қызылорданың төрінде «Журба» көшесінің бойында өткен «Алтын күз – 2025» мерекесі аясында Қармақшы ауданының ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге жалпы көлемі 100 тоннаға жуық өнім жеткізіліп, 51 жүк көлігімен қала халқына ұсынылды. Барлық тауарлар нарықтағы бағадан 10- 15 пайызға төмен сатылып, тұрғындардың үлкен сұранысына ие болды.
Сауда сөрелерінен Сыр салысының иісі аңқып, бақша мен көкөністің, шұбат пен сүттің, ет пен балықтың, тіпті ара балы мен тұздың өзі көздің жауын алды. Атап айтқанда, 35 тонна ақ күріш, 45 тонна бақша өнімдері, 10,5 тонна жаңа піскен көкөніс, 1,5 тонна сапалы ет, 2 тонна балғын балық, 250 келі табиғи сүт өнімдері, 745 литр шұбат, 3 тонна ас тұзы. Сонымен қатар, қолдан дайындалған үй тағамдары мен тәттілер, табиғи ара балы – барлығы қала тұрғындарының көңілінен шықты.
Қармақшының құт дарыған жерінен келген өнімдерге сұраныс ерекше жоғары болды. Әсіресе, табиғи шұбат пен ауданның жергілікті күрішін іздеп келген жұрттың қарасы қалың. Бұл өнімдердің экологиялық тазалығы, дәмі мен сапасы тұтынушылардың оң бағасын алды.
Іс-шараның салтанатты бөліміне облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы, ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатының депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары, қала тұрғындары мен қонақтар қатысты. Оларға аудан өнерпаздары арнайы әзірлеген ұлттық нақыштағы концерттік бағдарлама тарту етіп, көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Қала халқы қасиетті топырақтан жеткізілген өнімдерді қуанышпен қарсы алып, өз ризашылығын білдіріп жатты. Кейбір тұрғындар жыл сайынғы бұл дәстүрлі шараны асыға күтетінін айтып, ауыл мен қала арасындағы осындай алтын көпірдің жалғаса беруін тіледі.
Бұл жәрмеңке тек сауда-саттық алаңы ғана емес, ауыл еңбеккерлерінің жанкешті еңбегін дәріптеп, ауыл мен қаланы жақындастырады. Берекелі күздің мұндай тартуы – ел ырысы мен ынтымағының көрінісі.
Жәрмеңкеде әсіресе қалаға қоныс аударған қармақшылықтар туған жердің тәттісінен дәм татып, керемет көңіл-күймен тарқасты.
«ҚТ» ақпарат
22 қазан 2025 ж. 157 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031