» » ҚАЙСАР ҚҰТҚАРУШЫ

ҚАЙСАР ҚҰТҚАРУШЫ

Қазақстанда жыл сайын 19 қазан – Құтқарушылар күні ретінде атап өтіледі. Бұл – қауіп-қатерге қарамай, адамдардың өмірін құтқаруға жанын салатын азаматтық қорғау саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Биыл бұл мерекеге 30 жыл толып отыр.
Аты айтып тұрғандай, кәсіби мереке иелерінің ең басты міндеті – тосыннан болған апат кезінде азаматтарға бірінші болып көмек көрсету, адам өмірін құтқару. Шынтуайтында, өзгенің өмірі үшін өзінің басын қатерге тігу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Мұндай жауапкершілікті алу үшін адамға үлкен жүрек, машық, білім мен білік және тәжірибе керек. Иә, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуде алдыңғы шепте жүрген төтенше жағдайлар қызметкерлерінің еңбегі – өлшеусіз.
Құтқарушылардың жұмысы қауіп-қатерге толы. Бір адамды қатерден аман алып қалудың өзі үлкен ерлік пен өрлікті талап етеді. Елімізде осы бір қиын да қызықты мамандықты өмірінің мәніне айналдырған адамдар бар. Олардың өмірі мен еңбегі талайға үлгі. Себебі таңдаған мамандығын шын сүйіп, еңбек ететін салаға жан-тәнімен беріле жұмыс істейді. Мұндай мамандар үшін атақ-абырой бірінші орында емес, маңыздысы – кәсібіне деген адалдық.
Міне, осындай жүгі ауыр салада жанкештілікпен еңбек етіп жүрген маманның бірі – ауданның №10 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Ерболат Балтоқаев.
Ол 1996 жылы Жосалы кентінде дүниеге келген. Еңбек жолын 2018 жылы Арал ауданы №3 өрт сөндіру бөлімінде қарапайым өрт сөндіруші болып бастайды. Кәсібіне деген адалдығы мен табандылығының арқасында 2020 жылы ауданымыздағы №10 өрт сөндіру бөліміне радиотелефонист болып ауысады. Ал 2024 жылдан бастап аға өрт сөндіруші-құтқарушы қызметін атқарып келеді.
Құтқарушы болу – тек мамандық емес, бұл – адам өміріне деген жанашырлық пен адалдықтың, ерікжігер мен қайсарлықтың көрінісі. Қауіптің қай тұстан келетінін болжау мүмкін емес. Алайда, кез келген сәтте тосын жағдай туындаса, ең алдымен олар көмек беруге ұмтылады. Құтқару, көмектесу, қорғау, аман алып қалу – бұл мамандық иелерінің күнделікті міндеті. Осындай ауыр әрі жауапты салада қызмет атқарып жүрген азаматтар өз ісіне адал, шынайы жанкештілікпен қарайды.
– Қызыл жалынның ортасына кіргенде біздің бар назарымыз от ортасында қалған адамды құтқаруға, өртті сөндіруге ауады. Ал алауды ауыздықтау – бүкіл бір команданың жұмысы. Сондықтан біздің күшіміз – бірлікте, бір-бірімізге деген сенімде. Ең басты қағидат – осы, – дейді Ерболат Есіркепұлы.

Бүгінде №10 өрт сөндіру бөлімінде Ерболат секілді тәжірибелі, ержүрек мамандардан құралған топ қызмет етеді. Олар күн-түн демей, аудандағы төтенше жағдайларға дер кезінде әрекет етіп, тұрғындардың амандығы үшін күресіп келеді.
Қиындыққа қайыспай, оқыс оқиғада от пен судың ортасынан шығатын бұл мамандардың еңбегі – бағалауға, құрметке лайық.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
19 қазан 2025 ж. 83 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10447)

18 қазан 2025 ж.

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 680
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 431

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031