» » ҚАУІПТІҢ АЛДЫНДА ҚАЙМЫҚПАЙТЫН ҚЫЗМЕТ

ҚАУІПТІҢ АЛДЫНДА ҚАЙМЫҚПАЙТЫН ҚЫЗМЕТ

Адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – қоғамдағы ең басты міндеттердің бірі. Бұл миссияны медицина қызметкерлері ғана емес, әртүрлі салада қызмет ететін мыңдаған мамандар күн сайын орындап жүр. Солардың бірі – ел басына күн туған сәттерде алдыңғы шепке шығатын, өз өмірін қатерге тігіп, өзгелерге араша түсетін төтенше жағдайлар қызметінің мамандары.
Апат айтып келмейді. Қауіпсіздік ережесі сақталмаған жерде кез келген сәтте төтенше жағдай орын алуы мүмкін. Осындай кезде бірінші болып көмекке келетін, кәсіби шешім қабылдап, нақты әрекетке көшетін жандар – осы саланың білікті қызметкерлері.
Төтенше жағдайлар мамандары өрт, су тасқыны, өндірістік апаттар, техногендік немесе табиғи апаттар кезінде адамдардың өмірін сақтап қалуға бар күш-жігерін салатын, шын мәнінде, қоғамның «үнсіз батырлары». Олар тек қана апат кезінде емес, оның алдын алу, ескерту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында да маңызды жұмыстар атқарады.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінде дәл осындай жауапты қызмет атқарып жүрген жандардың бірі – инженер, азаматтық қорғау майоры Серікгүл Әбжаева. Ол Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Өмір қауіпсіздігі» мамандығын меңгеріп, 2008 жылдан бері осы салада табанды еңбек етіп келеді.
Білікті маман өз еңбек жолын облыстық төтенше жағдайлар департаментінде бастайды. 2011 жылы қармақшылық азаматқа тұрмысқа шығып, жұмысын аудандық бөлімде инженерлік қызметте жалғастырады. Бұл мамандықтың сырттай қарағанда көрінбейтін, алайда өте маңызды тұстары бар. Инженерлер қауіптің алдын алуға, түрлі төтенше жағдайдың себептерін саралап, оны болдырмауға күш салады. Олар өндірістік қауіпсіздік талаптарының сақталуын қадағалап, өртке қарсы жүйелерді орнатады, қауіпті аймақтарды анықтайды және нұсқаулықтар әзірлейді.
Серікгүл Мәлікқызы да өз саласының білікті, жауапкершілігі мол маманы ретінде аудан көлеміндегі мекемелер мен нысандарда қауіпсіздік шараларының орындалуын бақылап, алдын алу жұмыстарын үздіксіз жүргізіп келеді. Оның еңбегі арқасында көптеген қауіптің алды алынып, тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде.
Бұл қызметте батылдықпен қатар, мықты кәсіби дайындық, шапшаң шешім қабылдай білу, адами жауапкершілік пен шыдамдылық қажет. Себебі әрбір қателік адам өміріне тікелей әсер етеді.
Төтенше жағдайлар қызметі – бұл күнделікті өмірімізде байқалмайтын, бірақ қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін аянбай еңбек ететін ерекше сала. Мұндағы мамандар әр күні қауіпке қарсы шығып, адам өмірінің күзетінде тұрады. Қауіпті қызметте жүріп, ешқандай марапат күтпейтін, бірақ өз міндетіне адал болатын жандардың еңбегі өлшеусіз. Осы орайда Серікгүл Әбжаева сынды өз ісіне жан-тәнімен берілген мамандардың еңбегі көпке үлгі болуы тиіс.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
18 қазан 2025 ж. 103 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10447)

18 қазан 2025 ж.

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 670
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 427

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031