» » «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді

«Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді


Қызылорда қаласында Халыққа қызмет көрсету орталығында «Әділет кеңес береді» атты кең ауқымды акция өтті.

Шараны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы мен Қызылорда облыстық Әділет департаменті бірлесіп ұйымдастырды. Акция ХҚКО 20 жылдығына орай өткізілді.

Акцияның негізгі мақсаты - тұрғындарға мемлекеттік қызметтер мен құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес беру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң саласындағы өзекті сұрақтарына нақты жауап алуына мүмкіндік жасау. Шара барысында азаматтарға әділет органдарының мамандарымен қатар, нотариус және жеке сот орындаушылар палаталарының өкілдері де кеңес берді.

«Біздің мақсатымыз - азаматтарға сапалы және қолжетімді құқықтық көмек көрсету. Аталмыш акциясы арқылы тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарға кәсіби мамандардан нақты жауап ала алады. Бұл халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, мемлекеттік қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етеді. Мұндай шаралар қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы сенімді нығайтады», – деді облыстық филиал директоры Аида Абибуллаева.

Акцияға қатысқан тұрғындар көрсетілген қызметтерге ризашылығын білдіріп, мұндай бастамалардың жиі ұйымдастырылуын қолдайтындарын айтты.
17 қазан 2025 ж. 249 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930