» » «Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

Каспий теңізі — жойылып кету қаупінде тұр. Су айдыны жылдам тайызданып барады, бұл — тек бір елдің ғана мәселесі емес, миллиондаған адамның өмір салтына әсер ететін жаһандық экологиялық қауіп. Бұл жағдайды тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана түзетуге болады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет атап өткендей, сөз — аймақтық мәселе туралы ғана емес, бұл — халықаралық қоғамдастық үшін дабыл қағарлық жағдай. Оны еңсеру үшін жүйелі қадамдар, үйлестірілген шешімдер мен үкімет басшылары мен салалық бөлімдер деңгейінде нақты шаралар қажет.

Жаңа адамдар, азаматтық қоғамның бір бөлігі ретінде бұл жағдайға бейжай қарай алмайды. Каспийдің тағдыры — біздің саналы әрекеттеріміздің, өзімізге деген құрметіміздің және адам болып қалу қабілетіміздің айнасы.

Каспийдің жағалауында, Ақтауда, жүздеген дауылпаз үні естілді, бұл — теңіз тағдыры ешкімді бейжай қалдырмайтынына назар аударту тәсілі. Қатысушылар Каспий теңізін қорғау және қалпына келтіру үшін күш біріктіруге шақырды.

Белсенділер көкке ұзындығы 22 метрлік «Каспийді сақтайық» деген жазуы бар алып батпырауықты көтерді. Бұл — келер ұрпаққа және өздеріне берілген уәде.

Қозғалыс Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Иран және Түрікменстан халқына және саясаткерлерге, бизнес өкілдеріне, корпорацияларға, қорларға үндеу жасады.

«Сөз тек табиғат жайында емес — ертеңіміз үшін бүгін өмір сүруді таңдайтын шынайылық туралы. Каспийді сақтау — өзімізді және мақтанышымызды сақтау», — дейді Жаңа адамдар қозғалысының өкілдері.
16 қазан 2025 ж. 143 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031