» » Каспий теңізі мен Қара теңізді жерасты тоннелімен біріктіру ұсынылды

Каспий теңізі мен Қара теңізді жерасты тоннелімен біріктіру ұсынылды

ADOG пен Зира халықаралық порты Каспий мен Қара теңізді байланыстыратын жерасты тоннелін салу туралы бастама көтерді. Бұл туралы компания басшысы, еңбек сіңірген инженер Мұса Сүлейманов қол қойған ресми үндеуде айтылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жобада Қара теңізді (Грузия немесе Ресей жағынан) Каспий теңізімен байланыстыратын диаметрі 10 метр жерасты туннелін салу ұсынылады. Су деңгейінің табиғи айырмашылығына сәйкес, Қара теңіз суы тартылыс күшімен Каспий теңізіне насостарсыз-ақ құйылады. 
Бұл бастама соңғы жылдары деңгейі күрт төмендеп келе жатқан Каспий теңізінің су балансын тұрақтандыруға бағытталған. Бұл жағалаудағы мемлекеттер үшін елеулі экологиялық, экономикалық және инфрақұрылымдық қауіп-қатер туғызып отыр.
“Компания жобаны жүзеге асыру кезінде толық экологиялық мониторинг және биоәртүрлілікті сақтау шаралары жүргізілетінін мәлімдеді. ADOG техникалық-экономикалық негіздемені дайындауға және қажет ресурстарды жұмылдыруға дайын”, – делінген хабарламада.
Жоба авторлары ұсынысты мемлекеттік деңгейде қарастырып, уәкілетті органдарға алдын ала консультациялар өткізуді тапсыруды сұрайды.
07 мамыр 2025 ж. 481 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 951
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 588

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930