» » Қазақстан апатқа ұшыраған ұшақтағы қара жәшікті Бразилияға жібереді

Қазақстан апатқа ұшыраған ұшақтағы қара жәшікті Бразилияға жібереді

Қазақстан үкіметі Ақтаудағы қайғылы оқиғаны толық әрі ашық тергеу үшін рейсті жазу құрылғыларын Бразилияға жіберу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мұндай шешім Azal ұшағы Бразилияда шығарылғаны ескеріліп, бұл мәселе бойынша Әзірбайжан және Ресеймен кеңесіп қабылданған.
"Чикаго конвенциясының 13-қосымшасының стандарттарына сәйкес, тергеу жүргізетін мемлекет рейстіркегіштердің оқылуын қамтамасыз етеді және қара жәшіктерді оқу, декодтау үшін елді таңдау туралы шешім қабылдайды", – деп хабарлады разаматтық авиация ұйымының мүшесі.
Қазақстан Әзірбайжанның ұшақ апатының мән-жайын ашық тергеу туралы талабын қолдады. Баку ұшақты Грозныйға жақындаған кезде Ресейдің жер-әуе зымыраны атып түсіргенін және жақын маңдағы екі ресейлік әуежайға шұғыл қонуға рұқсат бермеген соң Каспий теңізінің үстінен ұшуға бұйрық бергенін айтады.
“Қазақстан өз шешімін жариялаудан бірнеше сағат бұрын Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев лайнердің Ресейде жерден зақымдалғанын айтты. Содан кейін артқы бөлігі өрттен зақымданған", – деді ол.
Әлиев Ресейді бірнеше күн бұл мәселені жасыруға тырысты деп айыптап, ресейлік шенеуніктердің алға тартқан оқиғалар нұсқаларына ренжігенін айтты. Әлиев "соңғы нұсқасы қара жәшіктер ашылғаннан кейін белгілі болады" деп мәлімдеді.
"Бұл ұйымды негізінен ресейлік шенеуніктерден тұратыны және оны Ресей азаматтары басқаратыны ешкімге құпия емес. Бұл жерде объективтілік факторларын толық қамтамасыз ету мүмкін емес", – деді Әлиев.
30 желтоқсан 2024 ж. 198 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10377)

04 ақпан 2025 ж.

№8 (10376)

01 ақпан 2025 ж.

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 360
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728