ӨМІР ӨЗЕГІ

Биыл елімізде «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланды. Бұл бастама – еңбек адамының қоғамдағы беделін көтеріп, кәсіби-техникалық білім беру саласының маңызын айқындайтын ерекше жыл. Ел дамуының негізгі тірегі – еңбек десек, ал сол еңбек иелерін тәрбиелеп, өмірге жолдама беретін тұлғалар – колледж ұстаздары. Солардың бірі – академик С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, өз ісіне адал, шәкірт жүрегіне шырақ жаққан ұстаз – Шолпан Дәуленбаева.
Ол 2003-2009 жылы Қызылорда мемлекеттік университетін «Жер ресурстарын басқару және жерді үйлестіру», 2009-2012 жылы Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Экономика және бизнес», осы оқу орнынан 2013-2015 жылы «Экономика ғылымиоқытушы», 2017-2019 Семей қаласындағы Қазақстан Инновациялық академиясында «Құқықтану» мамандықтарын тәмамдаған. Қазақстан Республикасының Ұлттық Машина жасау және Көлік Академиясының корреспондент мүшесі. 2009 жылы Байқоңыр «Космос» колледжінде кітапханашы болып еңбек жолын бастаған ол бір жылдан кейін арнайы пәндер оқытушысы болып қызмет атқарады. Сол жылы «Байқоңыр Жастары» қоғамдық жастар бірлестігінің төрайымы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Байқоңыр филиалының инспекторы, 2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Академик С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда. Екі мәрте аудандық мәслихаттың VII, VIIІ шақырылымының депутаты. Елдің елеулісі ретінде халықтың үніне құлақ түріп жүрген жайы бар.
Ол техникалық және кәсіптік білім беру саласында жас мамандарды өмірге, еңбекке бейімдеуде үлкен жауапкершілікпен жұмыс істейді. Сабақта теорияны тәжірибемен ұштастырып, әр шәкірттің бойынан өз кәсібіне деген сүйіспеншілікті оята біледі.
Орайы келгенде, Шолпан Әнуарқызының жетістіктерін тізбектесек, 2021 жылы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне – 30 жыл», «Ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсаринге – 180 жыл» және «Мұғалімдер күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған «Тәуелсіз Қазақстанның Құрметті Педагогы» төсбелгісінің иегері атанса, Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы» атты байқауына қатысқаны үшін I дәрежелі дипломмен марапатталды. 2022 жылы облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің Алғыс хатын алса, өткен жылы «Қазақстан Республикасы мәслихаттарына – 30 жыл», биыл «Байқоңыр қаласына – 70 жыл» мерекелік медаліне ие болды.
Ұстаздықпен бірге депутаттық мандатты қатар алып жүрген Қармақшы аудандық мәслихат депутаты Шолпан Дәуленбаева өзі сайланған аймақтың қамын ойлап, жырын жырлап жүрген депутаттардың қатарында. Қоғамның өзекті мәселелерін шешуде халық қалаулысы қоғамдық қабылдауларды жиі өткізіп, тұрғындардың өзекті мәселесін тыңдап, қолдан келгенше көмектесуге атсалысуда.
«Жұмысшы мамандықтар жылы» – бұл тек өндіріс қызметкерлеріне емес, оларды тәрбиелеп отырған әрбір ұстазға да арналған құрмет жылы. Себебі еңбек адамының іргетасы – ұстаз қолымен қаланады.
Қымбат МОЛЫБЕКҚЫЗЫ
12 қазан 2025 ж. 187 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 648
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 412

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031