» » БІЛІМ НҰРЫН СЕПКЕН БАҒБАН

БІЛІМ НҰРЫН СЕПКЕН БАҒБАН

2 қазан – еліміздегі кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары қызметкерлерінің күні. Бұл мереке – колледждерде, оқу-өндіріс орталықтарында жас ұрпаққа кәсіптік білім беріп жүрген ардақты ұстаздар еңбегінің құрметіне арналған.
Бүгінгі таңда техникалық және кәсіптік білім беру саласы – еліміздің өндірістік қуатын арттырып, болашақ еңбек нарығын қалыптастыратын маңызды жүйе. Осы жолда тер төгіп жүрген ұстаздар мен қызметкерлердің еңбегі өлшеусіз.
Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлері – жастарға мамандық қана үйретіп қоймай, еңбекқорлық пен табандылыққа, шығармашылық ізденіске баулитын жандар. Олар заманауи өндірістің талаптарына сай маман даярлап, ел болашағына қызмет етеді.
Бұл мерекенің басты мақсаты – осы салада аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздар мен мамандардың еңбегін бағалау, оларға құрмет көрсету. Техникалық білім беру жүйесінің әрбір қызметкері – еліміздің өркендеуіне үлес қосушы тұлға екені анық. Осы орайда, кәсіптік білім саласына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан тәжірибелі ұстаздардың бірі, академик С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі директорының оқуөндірістік ісі жөніндегі орынбасары, экономика ғылымдарының магистрі, арнайы пәндердің жоғары санатты оқытушысы – Нұргүл Қожантайқызының колледж тарихында елеулі орны бар десек қателеспейміз.
Ұжым арасында сыйлы, шәкірт алдында беделді ұстаз кәсіби біліктілігімен, жаңашылдығымен ерекшеленеді. Әріптестері оны еңбекқор, талапшыл әрі ізденімпаз ұстаз ретінде жоғары бағалайды. Ал шәкірттері үшін ол – білім нәрін дарытқан, өмірлік жолға бағыт берген асыл жан.
Нұргүл Қожантайқызы білім ордасына 20 жыл бұрын қызметке орналасып, содан бері жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту ісінде табандылық танытып келеді. Ол педагогика саласында өзін кәсіби шебер маман ретінде қалыптастырды. Әр сабағында студенттерді білімге, ізденіске, еңбекқорлыққа баулып, елжандылық пен адамгершілік қасиеттерді дарытуды басты мақсат тұтады.
Ол 1995-1999 жылдары «Қорқыт ата» атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Маркетинг және коммерция» мамандығын, 2021 жылы жылы «Қайнар» академиясында «Қаржы» мамандығы бойынша білім алып, Экономика ғылымдарының магистрі атағын алып, кәсіптік білім саласында аянбай еңбек етіп, көптеген жұмысшы мамандар даярлауға өз үлесін қосқан білікті маман. Қызметке деген жауапкершілігі – бір істі бастаса, оны аяғына жеткізбей қоймайды. Ашық жарқын мінезді Нұргүл Қожантайқызы қолына қалам алып, мақала жазуда өзіндік стилі қалыптасқан жан деп айтуға негіз бар.
Жаңа заман талабына сай әдістемелік ізденістер жүргізіп, тәжірибесін үздіксіз жетілдіріп отырады десек артық емес. Осы жылдар ішінде ол талай буын түлектің жүрегіне ізгілік нұрын сеуіп, кәсіби жолына бағыт-бағдар берді.
Реті келгенде білікті маманның жетістіктеріне тоқталар болсақ, 2017 жылы Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының Байқоңыр қаласындағы жастардың жеке әлеуетін ашқаны, адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және жастар саясатын іске асыруға қосқан зор үлесі үшін Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы машина жасау және көлік академиясы Президентінің, Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының Құрмет грамотасымен, 2022 жылы Қызылорда облысы әкімінің, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің, «AMANAT» партиясы Байқоңыр филиал төрағасының Алғыс хатымен марапатталды.
Ұстаз – адамзат тарихындағы ең құрметті де, қадірлі тұлға. Ол – білімнің шамшырағы, өмірдің темірқазығы, ізгілік пен парасаттың жаршысы. Шәкірт жүрегіне нұр құйып, болашаққа бағыт беретін ұстаздың еңбегі қай заманда да маңызын жоймайды. Ұстазға тағзым ету – ұрпақтың парызы, ал ұстазды ардақтау – қоғамның асыл дәстүрі.
Қымбат БЕРДЕШ,
Байқоңыр қаласы
04 қазан 2025 ж. 71 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

№73 (10441)

27 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 550
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 348

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031