» » Көліктер енді өсімдік майымен жүрмек

Көліктер енді өсімдік майымен жүрмек

Бұл – шаһар билігі қолға алған экологиялық тәжірибе. Мейрамханалар қолданған майды жинап, өңдеуге жібереді. Одан дайындалған отынды су көліктері пайдаланады. Қала әкімдігі осылайша тарихи ескерткіштерге нұқсан келтіретін ауадағы зиянды қалдықтың мөлшері күрт азаятынына үміт артып отыр. Майға қуырылған теңіз өнімдері Венецияда ең тараған тағамдардың қатарында. Қаладағы мейрамханалардың мәзіріне міндетті түрде қуырылған ас шаяны немесе кальмарлар кіреді. Ал дайындау үшін көп мөлшерде кететін өсімдік майын енді кәдеге жаратып жүр.   Симоне Вентурини, Венецияның экономикалық дамуы жөніндегі кеңесші: - «Шығынсыз экономика» үдерісі жүзеге асып жатыр. Енді қалдықтарды да өзге өндірісте қолданып жүр. Пайдаланған майды ағызып жіберсеңіз, айналамыздағы суды ластайды. Ал отын шығаруға қолдансақ, қоршаған ортаға пайдасын тигізеді. Венецияда қолданылған майды жинауға арнайы контейнерлер орнатылған. Кейін өңдеу үшін зауытқа жеткізіледі. Джакомо Рисполи, Eni Refining&Marketing бөлім директоры: - Майды бір сүзіп алғаннан кейін біздің биоөндіріс зауытына жібереді. Ол жанармай шығару үшін шикізат ретінде қолданылады. Нәтижесінде дайын болған жоғары сапалы отынның 20 пайызы өсімдік майынан тұрады десек болады. Антонио Феррари, көлік компаниясының техникалық қызмет көрсету маманы: - Зиянды қалдықтарды азайтатын отын түріне көшу өте маңызды қадам болуы мүмкін. Қолданылып жүрген қозғалтқыштарды ауыстырмай, жаңа технологияларды енгізуге кететін қаржыны үнемдейміз.   Венеция каналдарымен жүретін әйгілі «вапореттилер» ылғи адамға толы, сол себептен жанармайды көп мөлшерде қажет етеді. Жолға шықпас бұрын 150 теплоходтың әрқайсысы экологиялық отынды толтырып құйып алады. Бұл тәжірибе жылдың соңына дейін жалғасады.

22 маусым 2018 ж. 1 032 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 405
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728