» » АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛДЫ

АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛДЫ

Қарттар – елдің қазынасы. Қартын сыйлау – халқымызда ертеден қалыптасқан дәстүр. Жыл сайын мемлекеттік деңгейде Қарттар күні мерекеленіп, қарияларымызға сый-құрмет көрсетіледі. Соның бір көрінісі – сәрсенбі күні Қызылорда қаласында «Сыр медиа» ЖШС бас директоры Марат Аралбаев медиаға қарасты аудандық «Қармақшы таңы» газетінің ардагер аналары – Қармақшы ауданының Құрметті азаматы, саналы ғұмырын журналистика саласына арнаған майталман маман Бақыт Қаналиева мен редакцияның аға есепшісі болып абыройлы қызмет еткен Алтын Үбайділдаеваны қабылдады.
– Қазіргі қоғамның ілгері дамып, алға жылжуында ардагерлеріміздің еңбегі ерен. Оның ішінде қоғам үшін маңызды саналатын ақпараттық медиа қызметте еңбек ету – үлкен жауапкершілікті талап етеді. Осы саладағы табанды еңбектеріңіз үшін алғыс білдіре отырып, сіздерді Қарттар күні мерекесімен құттықтаймын. Отбасыларыңызға бақ-береке, дендеріңізге саулық, ұзақ ғұмыр тілеймін, – деді ол.
Іс-шарада ардагер-журналист Б.Тәжібайқызы «Қызылорда облысының Құрметті ардагері» төсбелгісімен марапатталса, құрмет иелеріне «Сыр медиа» ЖШС-ның Құттықтау адресаты мен сыйсияпаты табысталды.
Ардагер-аналар мерекеде құрмет көрсетіп жатқан ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, ақ баталарын берді.
Қабылдауда сонымен қатар «Сыр медиа» ЖШС ардагерлер ұйымының төрағасы Кенжалы Ерімбетов, осы серіктестіктің кәсіподақ ұйымының төрайымы Бота Тәңірбергенова, «Kyzylordanews.kz» ақпараттық агенттігінің бас редакторы Айжан Абдуллаева, «Қармақшы таңы» газетінің бас редакторы Сәрсенкүл Райымбаева және редакция қызметкері Алмагүл Елеусіновалар бірге болды.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕКҚЫЗЫ
04 қазан 2025 ж. 246 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 122

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930