» » АУЫЛ СПОРТЫНЫҢ ЖАНАШЫРЫ

АУЫЛ СПОРТЫНЫҢ ЖАНАШЫРЫ

Қармақшы ауылының тұрғыны Серік Хамит спортқа, оның ішінде қазақ күресіне жақын болып өсті. Ол білікті бапкер Қуаныш Тәтімбетовтің қарамағында жаттықты. Бүгінде ол өзі де қазақ күресінен шәкірттер тәрбиелеп жүр.
С.Ибаділдаұлы 1997 жылы Қармақшы ауылында дүниеге келген. 2015 жылы орта мектепті аяқтап, Қызылорда қаласындағы «Болашақ» колледжіне оқуға түседі. Арнаулы оқу орнын тәмамдаған жас кәсіби біліктілігін одан әрі жетілдіру мақсатында 2018 жылы «Болашақ» университетінен «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алып шығады. Дипломды азамат өткен жылы туған ауылындағы №15 олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мектебінің ауылдық бөлімшесіне қазақ күресінен жаттықтырушы болып қызметке орналасқан.
– Күресті жастайымнан жаныма серік еттім. №15 спорт мектебінің түлегімін. Қазір ауылдық филиалда 3 топ жасақталған, онда 41 бала спорттың күрес түріне жаттығады. Жас шамасына келетін болсақ, 2-6 сынып оқушылары аралығында. Аудандық ашық турнирлерге, ауылда ұйымдастырылатын жарыстарға қатысып, бақ сынап жүрміз, – дейді жаттықтырушы.
Серік осы кезге дейін бірқатар жетістікке қол жеткізген. Былтыр спорт саласындағы еңбегі ескеріліп, облыс әкімінің Алғыс хатына ие болған. Ол қазақ күресімен қатар, гір тасын көтеруден де түрлі жарыста сынға түсіп, аудан намысын қорғап жүрген спортшы. Шәкірттері де аудандық балалар мен жасөспірімдер арасындағы спорттық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Балалардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, шеберліктерін шыңдауда осы жылдың мамыр айында жас маманның ұйымдастыруымен қазақ күресінен жарыс өткізілген. Ол тамызда өткізілген аудандық «Алтын күз – 2025» спартакиадасында гір тасын көтеруден екі 24 келілік гірді 33 мәрте көтеріп, І орынды жеңіп алса, облыстық спартакиадасында да 50 рет көтеріп, жалпы есептік көрсеткіш бойынша 4-орынға тұрақтаған.
Бапкердің алда жоспары көп-ақ. Мақсатым – оқушыларымды жетістікке жеткізу дейді ол.
Ауыл спорты – саламатты өмірдің қайнар бұлағы. Елдің рухын көтеретін құнды дүние. Дені сау ұрпақ, қоғам құру – қазіргі заманның басты талабы. Осы жолда тер төгіп жүрген жас маман 3 қазан күні өтетін жарысқа шәкірттерімен қызу дайындық үстінде.
Сәрсенкүл АҚКІСІ
29 қыркүйек 2025 ж. 78 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10440)

27 қыркүйек 2025 ж.

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

№71 (10439)

20 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 515
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 320

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930