» » ЕЛ АЗАМАТЫНЫҢ ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕГІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

ЕЛ АЗАМАТЫНЫҢ ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕГІ ҰЛЫҚТАЛДЫ


Киелі Қармақшы мекені – елдің бірлігі мен еңбек адамын әрдайым биікке көтеретін, құрметін аямайтын қасиетті өлке. Осы игі үрдіс аясында, туған жерінің өркендеуіне сүбелі үлес қосып келе жатқан ел азаматының мерейлі шағын ұлықтау мақсатында ауданымызда салтанатты шара ұйымдастырылды.

Бүгін облыстық мәслихат депутаты, Қармақшы ауданының «Құрметті азаматы», «Жаңажол» ЖШС-нің директоры Орынбасар Өтепұлы Төлеповтің 63 жасқа толуына орай ресми қабылдау өтті.

Салтанатты қабылдауды Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек жүргізіп, ел ағасына құрмет көрсетілді.

Шараға Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттары Бауыржан Тұрсынбайұлы, Жанкелді Ойшыұлы, Ерлан Піртазаұлы, сондай-ақ облыстық мәслихат аппаратының басшысы Жандос Сермағанбетұлы арнайы келіп қатысты.

Аудан әкімі Жандос Еркінбек өзінің құттықтау сөзінде Орынбасар Өтепұлының ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесін атап өтіп: «Сіз – өмір жолында абыройлы еңбек етіп, туған өлкенің өркендеуіне ерекше үлес қосып келе жатқан азаматсыз. Ауыл шаруашылығы саласындағы іскерлігіңіз бен елге жасап жатқан қамқорлығыңыз – кейінгі ұрпаққа үлгі. Бұл мерейлі белес – Сіздің ел алдындағы еңбегіңіздің жарқын көрінісі», – деді.

Орынбасар Төлепов ұзақ жылдар бойы ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп келеді. 1979 жылдан бастап «Энгельс» колхозында механизатор, инженер-электрик, бас инженер қызметтерін абыроймен атқарса, соңғы 9 жылда «Жаңажол» ЖШС-ін табысты басқарып келеді. Бүгінде аталған серіктестік арқылы 360 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

Шара барысында Орынбасар Төлеповке шапан жабылып, Қызылорда облысы әкімінің Құттықтауы, Қармақшы ауданы әкімінің және аудандық мәслихаттың «Құрмет грамоталары» табысталды.

Сондай-ақ, облыстық мәслихат депутаты Бауыржан Сандыбаев, аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, құрылыс саласының ардагері Қаршыға Есдәулетов және ауыл ақсақалдары сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді.

Еңбегімен еленген ел ағаларына көрсетілетін ілтипат – кейінгі ұрпаққа тағылым мен елдік дәстүрдің жалғасы бола бермек.

26 қыркүйек 2025 ж. 244 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 122

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930