» » Қазақстанда 10 жылдан асқан көліктерге салынатын салық төмендетіледі

Қазақстанда 10 жылдан асқан көліктерге салынатын салық төмендетіледі

Қаржы министрі Мәди Такиевтің айтуынша, жаңа Салық кодексінде азаматтар мен бизнес үшін бірқатар маңызды өзгерістер қарастырылған. Солардың ішінде көлік иелеріне пайдалану мерзімі 10 жылдан асқан автокөліктерге салынатын салық мөлшері төмендетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Министрдің сөзінше, реформаның тағы бір басты қадамы – банктік шоттарды автоматты түрде бұғаттаудан бас тарту. Оның орнына кәсіпкерлерге өз қызметін тоқтатпай-ақ қателіктерін түзетуге мүмкіндік беретін алдын ала камералдық тексеру енгізіледі. Сондай-ақ салықтық әкімшілендіруді цифрландыру мен сервистік модельге көшу көзделіп отыр. Мұндағы мақсат – бақылаудан гөрі бизнеске кеңес беріп, қолдау көрсету.
«Қарастырылған өзгерістер кәсіпкерлердің жұмысын едәуір жеңілдетеді. Салық есептілігін азайту және салықты азайту бизнеске қағазбастылыққа емес, дамуға назар аударуға мүмкіндік береді. Шоттарды автоматты түрде бұғаттаудан бас тарту – бұл әділ және ашық қарым-қатынасқа қарай жасалған маңызды қадам. Онда мемлекет компаниялардың жұмысын тоқтатудың орнына мәселені шешуге көмектеседі. Мұндай шаралар мемлекет пен кәсіпкер арасындағы диалогты нығайтып, қолайлы инвестициялық ахуал туғызады», деді Мәди Такиев.
Жаңа кодексте сараланған салық ставкалары, прогрессивті жеке табыс салығы және сән-салтанат салығы енгізілмек. Зейнетақы төлемдері ЖТС-тен босатылады, мүгедектігі бар адамдарға қосымша салықтық шегерімдер беріледі, әлеуметтік маңызды медициналық қызметтер ҚҚС жеңілдіктерімен қамтылады.
Бизнес үшін арнайы салық режимдері оңтайландырылып, енді тек үш түрі қалады: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, жеңілдетілген декларациямен жұмыс істейтін шағын бизнес үшін және фермерлер үшін. Сонымен қатар ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегі 70 млн теңгеден 40 млн теңгеге дейін төмендетіліп, салық төлеушілердің шеңбері кеңейтіледі.
«Атамекен» ҰКП төрағасы Райымбек Баталов та бизнес пен мемлекет арасындағы сындарлы диалогтың маңыздылығын атап өтіп, қажет болған жағдайда Салық кодексіне жедел түзетулер енгізуге дайын екендерін жеткізді.
«Біз кәсіпкерлермен және уәкілетті органдармен пікір алмасамыз. Мәселенің бір бөлігі ішкі нормативтік құжатпен реттеледі. Егер тәжірибе Салық кодексіндегі кейбір тармақтың есепке алынбағанын және оның бизнеске теріс әсер ететінін көрсетсе, онда ҰКП Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерімен бірге НҚА-ға қажетті түзетулерді жедел енгізе алады», деді ол.
25 қыркүйек 2025 ж. 107 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

№71 (10439)

20 қыркүйек 2025 ж.

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 488
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 289

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930