» » Келер жылдан бастап салық режімдері жеңілдейді

Келер жылдан бастап салық режімдері жеңілдейді

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде салық салудың жаңа режімдері қолданысқа енгізіледі. Олар бұрынғыдан әлдеқайда қарапайым, икемді әрі түсінікті болмақ, деп жазады Egemen.kz.
Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жаныбек Нұржанов мәлімдеді.

Басты жаңалықтардың бірі – тексерулер мен берешекті өндіріп алу ісінде қатаң шаралардан бас тарту. Енді шағын көлемдегі салық қарызы үшін кәсіпкерлердің есепшоттары автоматты түрде бұғатталмайды. Оның орнына ескерту жүйесі кезең-кезеңімен енгізіліп, бизнес иелеріне қателіктерді айыппұлсыз түзетуге уақыт беріледі.

«Салықтық әкімшілендірудің тәсілдері түбегейлі өзгереді. Біріншіден, камералдық тексерулер енді ескерту сипатында жүргізіледі. Екіншіден, берешекті өндіріп алу, төлем мерзімін кейінге қалдыру және бөліп төлеу рәсімдері едәуір жеңілдейді. Үшіншіден, егер берешек көлемі аз болса, кәсіпкерлердің шоттары автоматты түрде бұғатталмайды. Оның орнына кезең-кезеңімен хабарландыру жүйесі қолданылады. Бұл бизнеске уақытылы түзету енгізуге мүмкіндік береді», деді комитет төрағасының орынбасары.

Сонымен қатар шағын және орта бизнеске, сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған арнайы салық режімдері жаңартылды.
18 тамыз 2025 ж. 257 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930