» » “Заң және тәртіп” жобасы аясында ата-аналармен кездесу өткізілді

“Заң және тәртіп” жобасы аясында ата-аналармен кездесу өткізілді


Қармақшы аудандық прокуратурасының аға прокуроры Е.Мусаев, жастар денсаулық орталығының психологы Ә.Кетебаев, жастар ресурстық орталығының директоры Н.Пірназаров және білім бөлімінің әдіскері А.Кенжебаевтың қатысуымен №121 мектепте ата-аналар жиналысы өтті.

Жиынға ата-аналар мен мектеп психологтары қатысып, жасөспірімдер арасындағы маңызды тақырыптар талқыланды:
құқық бұзушылықтың алдын алу;
суицидтің алдын алу;
нашақорлыққа қарсы күрес;
отбасы құндылықтарын сақтау;

Мамандар ата-аналарға бала тәрбиесінің отбасынан басталатынын, әрбір ата-ананың жауапкершілігі зор екенін атап өтті. Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, спорт пен өнерге баулу, жақсы әдет қалыптастырудың маңызы айтылды.

Аудандық прокуратураның өкілі құқықтық сауаттылыққа тоқталса, психологтар ата-ана мен бала арасындағы сенім мен ашық әңгімелесудің қажеттігін жеткізді.

Жиын соңында «Жақсы отбасы – жақсы қоғамның негізі» екені ерекше атап өтіліп, барша ата-анаға ұрпақ тәрбиесінде белсенді болуға үндеу жасалды.

23 қыркүйек 2025 ж. 399 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 442

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30