» » Мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді

Мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді

qarmaqshy-tany.kz Біріккен жылдық жоспарларға сәйкес Егізбаев атындағы №121 орта мектепте жасөспірімдер арасындағы тәртіп бұзушылықтар, әлеуметтік желілердің зиянды тұстары, отбасы құндылықтары, девиантты мінез-құлықтың алдын алу және ата-ананың тәрбиедегі рөлі жайлы тақырыптар аясында үлкен жиын өтті.
Жиынға мектеп директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп психологы, мұғалімдері, ата-аналар және аудандық емханадан ЖДО психологы Ә.Кетебаева қатысты. Жиында мектеп тарапынан қажетті ақпараттар беріліп, оқушылардың жалпы тәртібіне, ата-аналарға қойылатын талаптарға тоқталса, емхана психологы өз кезегінде қоғамдағы жастар тәрбиесін, әлеуметтік желілердегі жастардың белсенділігін, сондай-ақ,отбасы құндылықтарын арттырудағы, жастар арасында салауатты өмірді бойға сіңірудегі ата-ана рөлін кеңінен тілге тиек етті. Сонымен қатар, жасөспірімдердің арасында кездесетін беймезгіл уақытта көшеде жүру, ойынқұмарлық, өз өзіне қол жұмсау, үйден қашу, ерте жүктілік сияқты келеңсіз оқиғаларды болдырмау жайлы, алдын алу шаралары жайлы, үздіксіз жұмыс істейтін "Қызу желі" телефоны жайлы сөз қозғады.
Тақырыпқа сай бейнероликтер, слайдтар көрсетілді. Психологтың ұйымдастыруымен ата-аналар арасында тренингтер жасалды. Оқушылардың өнерлерін тамашалады. Бірігіп, қоғам боп атсалысу арқылы жетістікке жету оңай. Жастардың қандай болуы - біздің жасаған еңбектеріміздің нәтижесі.
01 ақпан 2023 ж. 759 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031