Бала өмірінің қауіпсіздігі - баршаның міндеті!

Жиналысты мектеп директоры Г.Әшірова ашып беріп, қазіргі таңда қоғамда ең ауқымды мәселелердің бірі жасөспірімдердің ғаламторға яғни виртуалды өмірге жақын болып бара жатқанына тоқталды. Бұл жағдай біздерге, болашақ ұрпақтарымыздың жан-жақты жағымды жақта дамуына үлкен қауіп болып табылатындығы жайында айтып өтті.
Жиналысқа аудандық жастар орталығының психологы Ә.Кетебаева қатысып «Отбасы құндылықтары», «Отбасы институты деген не?», «Ғаламтордың кері әсері», «Суицидтің, буллинг-кибербуллинг», «Қызу желі» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар ата-аналарға тәрбиелік мәні биік психологиялық тренинг өткізілді. Мектеп психологы Г.Бүркітбаева қазіргі таңда жасөспірімдер арасында белең алып тұрған мәселере жайында буллинг-кибербуллинг жайлы айтып, бейне ролик көрсетілді. АПБ-ның УПИ-ры мектеп инспекторы Р.Әдрахманов кәмелетке толмаған жасөспірімдердің кешкі мезгілде көшеде жүрмеуі, заң бұзушылықтарды болдырмау, алдын алу жайында айтып өтті.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Жақпанова мектепте жылдық жоспарға сәйкес әлімжеттіктің алдын алу, құқық бұзушылықты болдырмау, зорлық-зомбылық пен ғаламтордың зияны жайында, түрлі әлеуметтік желідегі балалар психологиясына кері әсер ететін ойындардан аулақ болу мақсатында бірлескен жұмыстар жүргізіліп жатқандығы туралы айтып өтті. Жиналысты қорыта келе ата-аналар өз ой-пікірлерін айтып, сұрақ-жауап арқылы кері байланысқа шықты.