Құрылтай
» » АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛУДА


2025 жылғы 17 қыркүйекте аудан әкімінің орынбасары Шыңғыс Әбділәмитұлы аудан орталығы – Жосалы кентінде абаттандыру бағытында жүзеге асырылып жатқан бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралады.

Аралау барысында жаңа бағдаршамдар орнату орындарын белгілеу, жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар төсеу, балалар және спорт алаңдарын орнату, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған өзге де мәселелер қаралды.

Нысандарды аралау кезінде нақты тапсырмалар беріліп, жұмыс сапасын арттыру, белгіленген мерзімдерге сәйкестігін қамтамасыз ету, қауіпсіздік нормалары мен құрылыс стандарттарының қатаң сақталуын бақылау жөнінде жауапты құрылымдық бөлімдерге міндеттер жүктелді.

Абаттандыру жұмыстары – аудан әкімдігі қызметінің басты бағыттарының бірі. Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – тұрғындарға қауіпсіз, қолайлы және заманауи инфрақұрылыммен қамтылған қоғамдық орта қалыптастыру.

20 қыркүйек 2025 ж. 315 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31