» » ОБЛЫС ӘКІМІ «HARVEST KAZAKHSTAN» КОМПАНИЯСЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ОБЛЫС ӘКІМІ «HARVEST KAZAKHSTAN» КОМПАНИЯСЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ


Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жауапты сала басшыларымен бірге «Harvest Kazakhstan» компаниясы өкілдерімен кездесті.
Басқосуда бірлесіп атқарылатын жұмыстар талқыланды.
«Біздің өңір – әріптестік пен инвестициялар үшін үлкен әлеуеті бар, қарқынды даму жолына түскен агро-индустриялық аймақ. Облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайы Сырдария өзеніндегі су деңгейіне тікелей байланысты.
Егілетін негізі дақыл – күріш, ол суды көп қажет етеді. Жалпы егіс көлемі 190 мың гектар, оның ішінде күріш көлемі 80-85 мың гектар аралығында. Еліміздегі күріштің 90 пайыздан астамы Қызылорда облысында өндіріледі.
Мемлекет басшысының Жолдауындағы су ресурстарын үнемдеу, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу жөніндегі тапсырмаға сәйкес күріш көлемін азайтып, жүгері алқаптарын ұлғайтуды жоспарладық.
Бұл бағытта Жаркент қаласындағы жүгері-сірне зауыты басшысымен келіссөз жүргіздік. Ол бойынша бірінші кезеңде, яғни 2025-2026 жылдары кептіру цехы, екінші кезеңде 2026-2029 жылдары жүгеріні терең өңдеу зауыты салынады.
Зауыт тиімді жұмыс жасауы үшін кем дегенде 20 мың гектарға жүгері егілуі қажет. Сіздерге өткенде белгіленген 10 мың гектар жер телімі табысталады. Компанияның ауыл шаруашылығы саласындағы тәжірибесін ескеріп, бірлесіп жұмыс жасауға дайынбыз.
Біз әрбір инвесторды қолданыстағы заңнама аясында сүйемелдейміз.
Барлық инфрақұрылым желісі қолжетімді, облыс әкімдігі қажетті техникалық шарттарды алуға жан-жақты қолдау көрсетеді», – деді Н.Нәлібаев.
Басқосуда «Harvest Kazakhstan» компаниясының бас директоры Дәулет Увашев әріптестік қарым-қатынасты дамытуға дайын екенін жеткізді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

19 қыркүйек 2025 ж. 113 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 202
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 73

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031