» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ ТҮСТІ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ ТҮСТІ

Қармақшы ауданында жаңа егін жинау маусымының алғашқы қадамы жасалды. Бүгін ІІІ Интернационал ауылдық округі «Болашақ» шаруа қожалығының егіс алқаптарында күрішке алғашқы орақ түсті.

Аудан әкімі Жандос Еркінбек іс-шараға арнайы қатысып, еңбек майданына шыққан диқандарға сәттілік тіледі. Өз сөзінде аудан басшысы:

«Бүгінгі күн — жаздай егінді баптап, таңның атысы мен күннің батысына дейін тынымсыз тер төккен шаруалар мен диқандар қауымының қажырлы еңбегінің көрінісі. 2025 жылы аудан бойынша жалпы көлемі 25 457 гектар алаңға егіс орналастырылса, оның ішінде күріш көлемі 12 993 гектарды құрап отыр.
Қармақшы елі – ерте көктемнен бастап, жаз бойғы ыстыққа қарамастан, дала төсінде тынымсыз еңбек еткен, егінге еңсесін түсірмеген еңбекқор халық. Бірлік бар жерде – береке бар. Біздің аудан — күрішпен ғана емес, берекелі тірлігімен, еңбекке адалдығымен, бірлігі және ынтымағымен ерекшеленіп келеді.
Күріші мен ырысы мол Қармақшы елі жасай берсін!»,– деді.

Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков жыл берекелі болып, халықтың ырыздығы мол болсын деген тілекпен ақ батасын берді.

Іс-шара соңында аудан әкімі және шараға қатысқан қонақтар алқап басында егінге алғашқы орақ салып, дала еңбеккерлерінің еңбегіне құрмет білдірді. 

Айта кету керек, биыл аудан бойынша күзгі дала жұмыстарына барлығы 497 техника, оның ішінде 174 трактор, 75 комбайн, 84 жатка, 64 жүк көлігі, 100 трактор тіркемесі қатысуға дайын. Сонымен қатар, бақшалық жер дайындау жұмыстары мен егіс орналастыру шараларына жаппай 100%жұмыстар жүргізіліп, қазіргі таңда барлығы 415 га, оның ішінде 125 га картоп, 100 га көкөніс, 192 га бақша дақылдары егілді. Қосымша дайындалған бақшалық жерлер 950 отбасына бөлініп берілді.
06 қыркүйек 2025 ж. 176 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 206
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 77

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031