» » Енді мектеп асханасын ескертусіз тексеруі мүмкін

Енді мектеп асханасын ескертусіз тексеруі мүмкін

(сурет ашық дереккөзден)

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мектеп асханасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа форматын ұсынды. 
— Мектептерді тексеру- жазалау ма, әлде шынайы бақылау ма? Санэпид қызметкерлері мектепке, балабақшаға келгенде не болады? Асхана жабыла ма, директорға айыппұл салына ма? Қауіпсіздік қалай? Бұл сұрақтар көптеген ата-ананы, мұғалімді, тіпті кәсіпкерлерді де мазалайды. Жылдар бойы қалыптасқан жүйе нақты бақылаудан гөрі формалдылыққа айналып кеткендей еді. Бірақ біз мұны өзгертпекпіз, — деп жазды Асхат Аймағамбетов Telegram парақшасында. 
Одан әрі халық қалаулысы жылдар бойы қордаланған проблемаларды атады: 
— Тексеріс туралы алдын ала ескерту қажет;
— Қызметкерлер өзімен бірге рұқсат қағазын жинауы тиіс;
— Айыппұл мектеп директорына салынады, оның заң бұзушылыққа тікелей қатысы болмаса да;
— Шынайы бақылау мүмкін емес.
Депутат нені өзгертпек? 
— Бақылау «күтпеген» форматқа көшеді, енді алдын ала ескерту болмайды;
— Бастапқы тексеруде айыппұл салынбайды, алдымен ескерту, кеңес, ұсыныс беріледі;
— Мектептер мен лагерьлерде жыл сайын оқу жылы алдында жоспарлы тексеріс жүргізіледі;
— Қаржылық шығынды талап ететін заң бұзушылықтар үшін директор емес, әкімдік жауапты болады;
— Балалардың өміріне қауіп төнген жағдайда, жедел шара қолданылады, яғни уақытша жабу, қызметкерді шеттету және т. б.;
— Мектеп асханасы жеткізушілерінің тізімі жасақталады, қызметіне адал емес жеткізушілерге тосқауыл қойылады;
— Балалардың қауіпсіздігі — ата-ананың ғана емес, бүкіл қоғамның жауапкершілігі. Санэпидбақылау — жай тексеру емес, ел болашағын — балаларымызды қорғаудың маңызды құралы, — дейді Асхат Аймағамбетов. 

kyzylorda-news.kz​​​
31 тамыз 2025 ж. 78 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 807
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 528

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930