» » Асхат Аймағамбетов депутат ретінде қандай мәселелерді көтеретінін айтты

Асхат Аймағамбетов депутат ретінде қандай мәселелерді көтеретінін айтты

Депутаттың қызметі бір саламен шектеліп қалмайды.
Мәжілістегі алқалы жиын аяқталған соң жаңадан сайланған депутат Асхат Аймағамбетов журналистерге депутат ретінде қандай мәселелерді көтеретінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Назар аударатын мәселелер өте көп. Олардың басым көпшілігі әлеуметтік, коммуналдық, т.б. салаларға қатысты.
Депутаттың қызметі бір саламен шектеліп қалмайды. Менің бұған дейін Оқу-ағарту министрі болғаным тек білім беру саласының мәселелерімен айналысады дегенді білдірмейді. Әрине, білім саласындағы мәселелер мен үшін әрқашан маңызды болып қала береді», - деді экс-министр.
Бұдан бөлек, депутат қала құрылысына қатысты өзекті мәселелерді де атап өтті.
«Әсіресе, ірі елді мекендерде мектеп, балабақша, басқа да әлеуметтік нысандар жоқ, ал әкімдік үй салуға рұқсат береді. Нәтижесінде жаңадан салынған мектеп бірден үш ауысымды болып шыға келеді. Осында өзекті мәселелерді заңдық тұрғыдан реттеу қажет.
Сонымен қатар балалар мен әйелдердің құқығын қорғау сияқты мәселелер де бар. Медициналық қызметкерлердің де құқықтарын қорғау қажет. Айталық, науқастар тарапынан наразылық, балағаттау ғана емес, қол көтеру фактілері де кездесіп жатады», - деді депутат.
Аймағамбетовтің айтуынша, мұның бәрі «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасында қарастырылған. Енді осыларға басымдық бере отырып, жүзеге асыруға кіріспек.
Айта кетейік, Асхат Аймағамбетов Мәжілістегі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы болып сайланды.
30 наурыз 2023 ж. 303 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

№25 (10393)

08 сәуір 2025 ж.

№24 (10392)

05 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 598
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930