» » «Көпшілікке ұнамайтынын білдік»: Аймағамбетов соңғы қоңырау жайлы ойын айтты

«Көпшілікке ұнамайтынын білдік»: Аймағамбетов соңғы қоңырау жайлы ойын айтты


Бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов соңғы қоңырауды 25 мамырдан 1 маусымға ауыстыруға қатысты пікірін білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
«Егер оқулықтарды жинап алса, бұл сұрақты маған қоймауларыңыз керек. Сұрақты Оқу-ағарту министрлігіне қою қажет. Мен әріптестерімнің бұл мәселемен айналысып жатқанына сенімдімін. Ол жерде барынша білікті құрам жұмыс істейді. Қызметкерлер өз жұмысын біледі», – деді Асхат Аймағамбетов Мәжілістің кулуарында берген сұхбатында.
Сондай-ақ экс-министр үнемі барлығына ұнайтын шешім қабылдау мүмкін емес екенін айтты.
«Мысалы, біз мектеп директорларын ауыстыруды ұсындық. 7 мың мектеп директорына бұл ұсыныс ұнады деп ойламаймын. Біз директорлардың жұмыс істеу мерзімін бес жылмен шектеу туралы айттық. Ол да бәріне бірдей ұнай қоймауы мүмкін. Кез келген шешімді жақтайтындар да, ұнатпайтындар да табылады. Ең бастысы, оған әрқашан негіз болуы тиіс, зерттеу, тәуекелдер назарға алынуы қажет. Елге қажетті шешімді ғана қабылдаған дұрыс», – деді Асхат Аймағамбетов.
24 мамыр 2023 ж. 433 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

№5 (10473)

21 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 319
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 188

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031