» » Аймақта коммуналдық тарифтер жаңартылды

Аймақта коммуналдық тарифтер жаңартылды



Биыл Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті сумен және жылумен жабдықтау, «Нұра топтық су құбыры» Аралда салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы» қызметтерінің тарифтерін бекітті. Сонымен қатар, өңірде бірыңғай жеткізуші - «Қызылорда электр тарату тораптары» жұмыс істей бастады. 15 мамырдан бастап беру тарифі 31%-ға көтерілді. 23 шілдеден бастап бөлшек баға жеке тұлғалар үшін - 25,47 теңге болып бекітілді. Жарты жылдықта 9 жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, оның 4 бойынша заң бұзушылықтар анықталған. Сонымен бірге, 5 әкімшілік өндірістер қозғалды. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Зура Сардарбек баяндады.

- Биылғы бірінші жартыжылдықта коммуналдық салада бірқатар маңызды өзгерістер болды. 2025 жылдан бастап су, жылу, газ және электр энергиясының жаңа тарифтері бекітілді. Тарифтердің қалыптасуында басты мақсат - халыққа қолжетімділікті сақтау және желілердің тозуын азайту. Департамент тарапынан тұтынушылардың құқықтарын қорғау басты назарда. Нәтижесінде артық төленген 193,8 млн теңге халыққа қайтарылуда, жылумен жабдықтау қызметі үшін қайта есеп жүргізіліп, тұтынушыларға 23,9 млн теңге қайтарылды. Сонымен қатар, Ұлттық жоба аясында облыстағы инфрақұрылымды жаңғыртуға миллиардтаған инвестициялар тартылуда. Бұл желілердің тозуын азайтып, сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Алдағы уақытта да тарифтердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін жария тыңдаулар жалғаса береді. Әрбір өтініш заң аясында қаралып, азаматтардың құқықтары қорғалуда,- деді Зура Сардарбекқызы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
27 тамыз 2025 ж. 385 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930