» » ЖАРИЯ ТЫҢДАУ ӨТТІ

ЖАРИЯ ТЫҢДАУ ӨТТІ

Жуырда К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінде «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ ұсынған 2025 жылға арналған электрмен жабдықтау қызметі бойынша тариф бағасына жария тыңдау өтті. Оған арнайы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Зура Сардарбекқызы, «Қызылорда электр тарату компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Батыржан Көмекбайұлы, аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов және бірқатар сала мамандары, ардагерлер мен кент тұрғындары қатысты.  
Бүгінде облыстың Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандарын және Қызылорда қаласын электр энергиясымен қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі – «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ қамтамасыз етеді. Қоғамдық маңызы бар нарықтағы субъектілер қамтамасыз етіп отырған электр энергиясының бағалары белгілі себептермен өсетін болған жағдайда хабарламамен шығуға құқылы. Баға белгілеу қағидаларының 4-тармағына сәйкес, субъект уәкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық бөлімшесіне бағаға сараптама жүргізу үшін ақпаратты не алдағы уақытта тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларының шекті бағадан жоғары көтерілуі және шекті бағаның көтерілу себептерін растайтын негіздеуші материалдарды қоса бере отырып ұсынады. Осыған байланысты, биылғы жылы 20 мамырда Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап электр энергиясымен жабдықтау қызметінің бағаларының өзгеретіні бойынша хабарлама ұсынады. Атап айтқанда, тұтынушылар топтары бойынша – тұрғындар үшін – 29,86 теңге, бюджеттік мекемелер үшін – 57,44 теңге, басқа да тұтынушылар үшін – 33,78 теңгеге өзгертіп ұсынады.
«ҚТ» ақпарат
02 шілде 2025 ж. 64 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№49 (10417)

04 шілде 2025 ж.

№48 (10416)

01 шілде 2025 ж.

№47 (10415)

28 маусым 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 992
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031