» » 1 шілдеден бастап электр энергиясының бағасы көтеріледі

1 шілдеден бастап электр энергиясының бағасы көтеріледі

2025 жылғы 1 шілдеден бастап Көкшетау қаласында электр энергиясының жаңа тарифтері күшіне енеді. Бұл туралы "Көкшетау Энерго" ЖШС мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ
Тарифтер ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментімен келісілген.
Бағаның өсуіне электр энергиясын таратушы ұйымдар тарапынан көтерілген құн әсер еткен.
Жаңа ережеге сәйкес, жеке тұлғалар үшін орташа сату тарифі 1 киловатт-сағатқа 29,89 теңгені құрайды. Сараланған тарифтер мынадай:
  • Бірінші деңгей (айына бір адамға 100 кВт/сағ дейін) – 26,79 теңге (бұрын – 25,47 теңге);
  • Екінші деңгей (100–190 кВт/сағ) – 35,87 теңге (бұрын – 34,19 теңге);
  • Үшінші деңгей (190 кВт/сағ-тан жоғары) – 44,83 теңге (бұрын – 42,74 теңге).
Сонымен қатар, тұрмыстық емес мақсатта тұтынатын заңды тұлғалар мен бюджеттік ұйымдар үшін тариф 52,91 теңге болып белгіленді.
Ал ішкі нарыққа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындар (жылыжайлар, диірмендер, нан зауыттары, мал және құс шаруашылығы кәсіпорындары) үшін тариф – 44,58 теңге/кВт·сағ деңгейінде бекітілді.
30 маусым 2025 ж. 239 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 186
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 833

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031