» » Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап электр қуаты қымбаттайды

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап электр қуаты қымбаттайды

Энергетика министрлігі электр энергиясына жаңа шекті тарифтерді бекітуді ұсынады. Тиісті бұйрықтың жобасы «Ашық заңды тұлғалар» порталында жарияланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ведомствода түсіндірілгендей, түзету энергия өндіруші ұйымдарға тәуелсіз электр энергиясын өндіруге арналған базалық шығындардың, атап айтқанда, отынға (оның ішінде газға және оны тасымалдауға, бағаның 2024 жылғы 1 шілдеден бастап өсуіне), жалақыға және жөндеу жұмыстарына арналған шығындардың ұлғаюымен байланысты.
Электр энергиясын сататын энергия өндіруші ұйымдардың келесі топтары үшін 2024-2025 жылдарға арналған жаңа шекті тарифтерді белгілеу ұсынылады:
Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 ЖШС – сағатына киловатт үшін 8,27 теңге (2024-2025 жылдарға қолданыстағы тариф сағатына киловатт үшін 8,05 теңге);
«Еуро-Азия энергетикалық корпорациясы» АҚ – 7,98 (7,4);
«Астана-Энергия» АҚ – 9,28 (8,49);
«Қазақстан алюминийі» АҚ – 7,87 (6,05);
«Степногорск ЖЭО» ЖШС – 28,97 (22,58);
«Жаңажолская ГТЭС» ЖШС – 11,85 (11,44);
«З-Энергоорталық» АҚ – 15.09 (13.79);
«ТНК «Қазхром» АҚ – 10,67 (7,59);
Құжат жобасы 2024 жылдың 23 тамызына дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды. Ал бұйрық қабылданса, биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізіледі.
13 тамыз 2024 ж. 245 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930