» » "Нью-Йорктың көлеміндей": Қытайда әлемдегі ең ірі күн электр станциясы іске қосылды

"Нью-Йорктың көлеміндей": Қытайда әлемдегі ең ірі күн электр станциясы іске қосылды

Фото: Pixabay.com
Қытайда бүкіл елді энергиямен қамтамасыз етуге қабілетті әлемдегі ең ірі күн электр станциясы іске қосылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Independent порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Қытай – Күн энергиясын енгізу бойынша әлемдік көшбасшы. Ол 2023 жылы өз қуатын 50 пайыздан астам көрсеткішке арттырған. Қытайда орналасқан жаңа күн фермасы Ningxia teneggeli және Golmud Wutumeiren жобаларынан асып түседі. Бұл – әлемдегі ең үлкен электр станциясы.
Деректерге сүйенсек, жаңа электр станциясы жыл сайын 6 миллиард киловатт cағаттан астам уақыт өндіруге қабілетті. Демек бұл шағын мемлекетті энергиямен қамтамасыз етуге жеткілікті. Электр станциясы Шыңжаң провинциясының солтүстік-батысындағы шөлді аймақта орналасқан және 200 000 гектар аумақты алып жатыр. Бұл Нью-Йорк қаласының көлеміндей.
Қытайдың электр желісіне дүйсенбіде қосылған 5 ГВт кешені Люксембург немесе Папуа-Жаңа Гвинея көлеміндегі шағын мемлекеттің электр энергиясына деген қажетін қанағаттандыра алады.
"Қытай жаңартылатын энергия көздерінен барлық энергияның шамамен 60%-ын өндіреді. Осылайша олар электр энергиясын 2028 жылға қарай бүкіл әлем бойынша пайдалануға беруі керек. Жаңартылатын энергия көздерін үш есе арттырып, жаһандық мақсатқа жетуде Қытайдың рөлі маңызды. Өйткені ел 2030 жылға қарай әлемде қажет жаңа қуаттың жартысынан көбін өндіруді жоспарлап отыр. Алдағы уақытта Қытайдағы электр энергиясының жартысына жуығы жаңартылатын энергия көздерінен өндіріледі", – делінген Халықаралық энергетикалық агенттіктің хабарламасында.
Longi Green Energy Technology компаниясының жетекші өндірушісі Қытайдағы шатырлар мен ғимараттарға күн панельдерін орнату Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азияның барлық үй шаруашылықтарын қамтамасыз ету үшін жеткілікті электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді деп есептейді. 
Сонымен қатар Қытайда күн батареяларын өндірудің ауқымды өсуі әлемдік нарықта шамадан тыс экономикалық салдарға әкелуі мүмкін деген алаңдаушылық туғызып отыр.  
20 маусым 2024 ж. 173 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 477

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 549

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031