» » Жұмысы жүйеленген электр станциясы

Жұмысы жүйеленген электр станциясы


Заман алға жылжып, техника дамыған сайын электр тоғын пайдаланушылардың қатары артып, сұраныс өсуде. Осы ретте жарық бізге ауадай қажет. Осы уақытқа дейін «Жосалы» қосалқы станциясы 50 мыңнан астам тұрғынды электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырған маңызды нысан. Жарты ғасырдан бері жөндеу көрмеген торапқа «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында қуаттылығы жоғары трансформаторлар әкелінді. Былтыр Ақай мен Төретамда да күрмеулі мәселе шешімін тапты. Өткен ғасырдың 60-70 жылдары салынып, Ресейдің меншігінде болып келген қуат таратушы станциялар облыс меншігіне алынды.
Жаңарған станция мен жүргізілген жұмысты көзбен көруге Төретам кентіне жолға шықтық. Аз уақытта кенттің шет жағында орналасқан станцияға аялдадық.
Жаңа нысанның айналасы тап-таза. Таласа бой көтерген бағаналардың барлығы жап-жаңа. Жоба аясында 33 трансформатор орнатылып, 96 шақырым оқшауланған сым желісі тартылған. Сондай-ақ үйлерге жаңа есептегіш құралдар қойылып, байланыс және автоматты басқару жүйесі жаңартылды. Кезекші мамандар үшін жаңа ғимарат бой көтерді. Электр тораптарын жаңғыртып қана қоймай, қуаттылығын ұлғайту жобасының іске асуымен энергия тұтынудың сапасы мен қауіпсіздігі арта түспек. Станция бастығының айтуынша, заманауи технологиялар есебінен электр тоғының ысырабын азайтуға да болады.

– Бұрын 4 мыңдық бір ғана трансформатор болса, қазір екі 6300-дік қойылды. Өйткені Төретам, Ақай елді мекені дамып келе жатыр. Қосалқы станцияның электр қондырғыларын автоматтандыру жұмыстары, қорғаныс құралдарының барлығы жаңа технология бойынша салынды. Соның ішінде баса айтатыны элегаз ажыратқыш, ашық тарату қондырғысын қайта жаңғырту, вакуумдық ажыратқыш пен микропроцессорлық қорғанысы бар екі секциялық 10 кВ жиынтық тарату қондырғыларын орнату және жедел диспетчерлік басқару пункті салынды. Осы жобаның арқасында желіні арттыру үшін екі жерге байланыс мұнарасы қойылды. Оның біреуі – Диірментөбеде болса, екіншісі Қорқыт ата кешенінің маңында, – дейді «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ, Төретам кенті электр торабының бастығы Сейітасқар Бақтыбаев.
2014 жылдан бері мекемеге бас­шылық ететін Сейітасқар Тобжанұлы – Жалағаш ауданының тумасы. Бұл салаға 32 жыл бұрын электромонтер болып келген. Жұмысқа деген жауапкершілігінің арқасында қызметтік сатылардан өтіп, бүгінде мекемеде білікті басшы. Жалпы станцияда 27 қызметкер еңбек етеді. Оның ішінде шақырумен жұмыс істейтін арнайы бригадалар бар.
– Жаз мезгілінде трансформатор­дың біреуін сөндіріп, резервке шы­ғарамыз. Ал қыс уақытында жүктемеге байланысты екеуін де қосуға тура келеді. Мекемеміз толығымен жаңартылды. Алдағы уақытта атқарылар жұмыстар көп. Жобаға енбей қалған үйлерге электр желісін жөндеу, ауыс­тыру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз, – дейді мекеме басшысы.
Бүгінде Төретам, Ақай елді мекеніндегі электр энергиясының тұт­ын­ушылары сапалы, үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз етіліп, ел жаңа нысанның игілігін көруде.


Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
07 қыркүйек 2021 ж. 506 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 061

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031