» » "ТАЗА БЕЙСЕНБІ": АБАЙ ЕСКЕРТКІШІ АУМАҒЫНА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

"ТАЗА БЕЙСЕНБІ": АБАЙ ЕСКЕРТКІШІ АУМАҒЫНА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ


Қызылорда өңірінде Мемлекет басшысының "Таза Қазақстан" жалпыұлттық бастамасы аясында "Таза бейсенбі" акциясы жалғасуда.

Бүгін "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының ұйымдастыруымен Байқоңыр қаласындағы Абай ескерткіші аумағына тазалық жұмыстары жүргізілді.

Игі іске партия филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және жастар, жалпы 40-ға жуық азамат үлес қосты.

"2025 жылдың 10 тамызында ұлы қазақ ақыны, философы, сазгері және ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толды. Оның шығармашылығы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына негіз болды. "Қара сөздері" сияқты еңбектері бүгінгі күнге дейін өзекті болып, жаңа буындарды шындық пен үйлесімділікке ұмтылуға шабыттандырады. Бүгін Ұлы Абай ескерткіші аумағы тазартылып, ұлы ақынға құрмет көрсетілді. "Таза бейсенбі" акциясы аясында ұйымдастырылған тазалық жұмыстарына белсенді қатысқан партияластарымызға алғыс білдіреміз", - деді партияның Байқоңыр филиалының Атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов.

Жалпы "Таза бейсенбі" акциясы аясындағы тазалық жұмыстары жыл соңына дейін жалғасатын болады.
21 тамыз 2025 ж. 339 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930