» » БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА


Аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен жаңа 2025–2026 оқу жылына дайындық мәселелері бойынша мәжіліс өткізілді.

Жиын барысында Үкімет басшысы мен облыс әкімінің тапсырмаларына сәйкес, жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарының маңыздылығы атап өтілді. Аудан басшысы оқу жылының сәтті басталуы – мекемелер мен әкімдіктердің үйлесімді еңбегіне байланысты екенін атап өтті. Оқушыларды оқулықпен қамту, оқу ордаларының материалдық-техникалық базасын жетілдіру, әсіресе “Мектепке жол” акциясын белсенді ұйымдастыру – басты міндет екенін ескертті.

– Жаңа оқу жылын барлық балабақша мен мектептер 100 пайыз кедергісіз бастауы тиіс. Бұл – ортақ жауапкершілік. Әр басшы өз ісіне тиянақты болуы керек, – деді Жандос Еркінбек.

Сондай-ақ мектептер мен балабақшалардағы санитарлық-гигиеналық тазалық пен білім беру ұйымдарының жылыту жүйелері- тағы бір өзекті тақырып. Аудан басшысы бұл бағыттағы толық дайындықты 1 қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс екенін қатаң тапсырды.

Күн тәртібінде №1 санаториялық бөбекжай-бақшасы мен №275 мектептің шатырын жөндеу, 5 мектептің спорт алаңдарын жаңарту мәселелері де қаралды. Жөндеу сапасы мен уақытылы орындалуы – басты бақылауда.

Мәжілісті қорытындылай келе, аудан басшысы барлық бөлім басшыларына, ауылдық округ әкімдеріне, білім мекемелерінің басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуын қатаң бақылауда ұстайтынын жеткізді.
17 тамыз 2025 ж. 407 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930