» » АЙМАҚ БАСШЫСЫ ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫ

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫ


Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Парламент Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемовпен бірге Қызылорда қаласындағы жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарының барысын көріп шықты.

Алдымен Жанқожа батыр көшесіндегі теміржол өткелінің құрылыс алаңына барды. Өткел қаланың орталық бөлігін Шанхай, Коммунизм, Гагарин шағын аудандарымен қауіпсіз байланыстыруға, көлік қатынасын жақсартуға, қалаішілік жүк және жолаушылар тасымалын арттыруға, азық-түлік айналымын ұлғайту арқылы өңір экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Жалпы құны 4 650,9 млн теңге, бас мердігер «СМК Аманат» , техникалық қадағалаушы «МСК Инжиниринг» , авторлық қадағалаушы «Инженерный Центр Алматы» серіктестіктері.
Қазіргі таңда айналма теміржолдар салынып, инженерлік желілердің орны ауыстырылуда. Сонымен қатар, 940 тонна арматура жеткізіліп, свай каркастарын тоқу, тіреу қабырғаларына арматура орнату және бетондау жұмыстары жүргізілуде.

Әрі қарай облыс әкімі "Қызылорда–Құмкөл" бағытындағы 9,76 шақырымдық автожолдың орташа жөндеу жұмыстарымен танысты. Жобаның жалпы құны 2 483,9 млн теңге, мердігер «Дорстрой», техникалық қадағалаушы «АрхиДизайнСтройИнжиниринг» серіктестіктері. Өткен жылы 1 желтоқсанда басталған, осы жылғы 30 қыркүйекте аяқталмақ.
Бүгінде ресайклинг әдісімен 7,4 шақырым, ірі түйіршікті асфальтпен 6,5 шақырым, мастикалық асфальтбетонмен 4 шақырым жол жабындысы төселді.

Келесі нысан - "Қызылорда–Құмкөл" автожолының көлік жолайрығы. Мұндағы күрделі жөндеу жұмыстары жобасының жалпы құны 1,4 млрд теңге, мердігер «Қыран» ЖШС. Қазіргі таңда көпірдің 5 кіреберіс қанаты асфальтталды, негізгі үстіңгі бөлігіне қиыршық тас, 800 метріне асфальт төселді.

Мұнан бөлек, аймақ басшысы Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылының жалғасы болып табылатын жол құрылысын көрді. Сырдария өзенінің қорғаныс бөгетін нығайту және Әбілқайыр хан көшесінен Саламатов көшесіне дейінгі 2,9 шақырым жол құрылысының барысын тексерді. Жобаның құны 5,3 млрд теңге. Мұнда 4 жолақты автожолмен қатар, ені 6 метр жаяу жүргіншілер және велосипед жолдары салынады. Құрылыс жұмыстарын «УАД» ЖШС атқаруда.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

11 тамыз 2025 ж. 90 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 210

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930