» » МІНДЕТТЕР МЕЖЕЛІ МЕРЗІМДЕ САПАЛЫ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС

МІНДЕТТЕР МЕЖЕЛІ МЕРЗІМДЕ САПАЛЫ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС

Облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілістен кейін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен жиналыс өткізіліп, онда күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қаралды.

Атап айтқанда, сауданың цифрлық трансформациясы, ана мен бала өлім-жітімін төмендету, денсаулық сақтау инфрақұрылымын жақсарту, сондай-ақ аудандық маңызы бар жолдардың жай-күйі сынды мәселелер күн тәртібінде көтерілді.

Цифрландыру мен электрондық сауданы дамыту мәселелері бойынша ауданда «Тауарларға бөлшек саудада пошта немесе интернет арқылы тапсырыс беру» экономикалық қызмет түрімен айналысатын 142 жеке кәсіпкер тіркелген. Аудан әкімі электрондық сауда тек кәсіпкердің ғана емес, ауданның барлық тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған қадам екенін баса айтып, осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастырылуын тапсырды.

Ана мен бала денсаулығын қорғау бағытындағы шаралар да жіті назарға алынды. Күн тәртібінде бекітілген өзекті әрі маңызы бар салада өлім-жітім көрсеткішінің төмендеуі бойынша оң динамика байқалғанымен, жекелеген елді мекендерде тіркелген оқиғаларға байланысты алдын алу шараларын күшейту тапсырылды. Бұл бағытта аудандық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Нысанбаев аталған мәселеге атқарылған жұмыстарын атап өтті.

Сондай-ақ, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының техникалық жай-күйі және жол жиегін тазалау мәселелері көтерілді. Аталған жұмыстар бойынша жауапты бөлімдерге жұмысты жеделдетіп, белгіленген мерзімде толық аяқтау міндеттелді.

Жиын қорытындысымен аудан әкімі барлық салалар бойынша берілген тапсырмалардың уақытылы әрі нәтижелі орындалуын қамтамасыз етуді жауапты тұлғаларға қатаң тапсырды.

06 тамыз 2025 ж. 95 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (10430)

19 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 275
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 434

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031