» » Жол инфрақұрылымын жақсару – басты бағыттың бірі

Жол инфрақұрылымын жақсару – басты бағыттың бірі

Жаңақорған ауданында жол сапасын арттыру, ауылішілік инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Елді мекендердің көлік қатынасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жаңақорған ауданының әкімі Мәжит Самитов мәлімдеді.
-Аудан халқының өмір сүру сапасын арттырудың маңызды бағыттарының бірі – жол инфрақұрылымын дамыту. Биыл облыстық маңыздағы «Байкенже-Қарғалы-Шиелі» жолының бір бөлігін қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Сонымен қатар аудандық маңыздағы жолдардың жағдайы жақсарып келеді. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 96 пайыздан асты. Атап айтқанда, «Самара-Шымкент-Екпінді» және «Әбдіғаппар-Төлек ата-Хорасан ата» бағытындағы екі жолда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар толық аяқталған соң аудандық маңыздағы жолдардың қанағаттанарлық деңгейі 98 пайызға жетеді. Ауылішілік көшелерге келсек, қазіргі таңда 15 елді мекенде 35 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жалпы ұзындығы 50 шақырымнан асатын жолдарды қамтиды. Жыл соңына дейін аяқталған соң, көше жолдарының жағдайы да едәуір жақсарып, қанағаттанарлық деңгейі 66 пайызға дейін жетеді деп күтілуде. Жаяу жүргіншілер мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар қосымша шаралар қабылданған. 7 елді мекенде 8 көшеге тротуарлар салынуда. Сонымен қатар, 10 елді мекеннің 27 көшесіне көше шамдары орнатылып, жарықтандыру жүйелері жаңартылып жатыр. Бұл жұмыстардың барлығы – аудан тұрғындары үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған нақты қадамдар. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып, ауданның инфрақұрылымы жүйелі түрде жаңғыртыла беретін болады,- деді Мәжит Самитұлы.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі
31 шілде 2025 ж. 92 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930