» » ТЕМІР ЖОЛ НЫСАНДАРЫ ЖАҢҒЫРТЫЛЫП ЖАТЫР

ТЕМІР ЖОЛ НЫСАНДАРЫ ЖАҢҒЫРТЫЛЫП ЖАТЫР


Қызылорда облысында темір жол бағытындағы вокзалдар мен қызмет көрсету бекеттерін жаңарту жұмыстары басталды. Бұл шаралар Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын іске асыру аясында көлік инфрақұрылымын жаңғырту мақсатында қолға алынған. Өңірде жолаушыларға сапалы, қауіпсіз және заманауи стандарттарға сай қызмет көрсету бағытында нақты жобалар жүзеге асырылуда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Жәнібек Сыздықов мәлімдеді.

- 2023 жылы Қызылорда қаласындағы темір жол вокзалы мен оның аумағы күрделі жөндеуден өтіп, абаттандырылды. Бұл жұмыстар өз жалғасын өңірдегі Жаңақорған, Шиелі, Жосалы, Төретам, Қазалы, Арал және Сексеуіл станцияларында тапты. Бүгінде аталған 7 вокзалда ішкі демонтаж жұмыстары басталып, жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Тереңөзек пен Жалағаштағы қызмет көрсету пункттерін кеңейту немесе жаңа заманауи нысан салу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл бағыттағы жобаларды іске асыруға тәжірибелі мердігер, жобалаушы және техникалық қадағалаушы ұйымдар тартылған. Темір жол нысандарын жаңғырту - тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мен өңірлік көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды қадам, - деді Жәнібек Шәкімбайұлы.

11 шілде 2025 ж. 93 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930