» » Жол деңгейі жақсара түсуде

Жол деңгейі жақсара түсуде


Биыл ұзындығы 569 км құрайтын автомобиль жолдары жөндеуден өтеді. Жыл соңына дейін жергілікті автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық деңгейін 87,5 пайызға жеткізу жоспарлануда. Бұл жөнінде Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Жәнібек Сыздықов хабарлады.
– Жергілікті маңыздағы жолдардың ұзындығы – 3418,5 км. Биыл автомобиль жолдарының жалпы көрсеткішін 87,5 пайызға жеткізуді жоспарлаудамыз, - деді басқарма басшысы Жәнібек Сыздықов.
Брифинг барысында «ҚазАвтоЖол» АҚ» ҰҚ Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары Ерсайын Мұзафар республикалық маңыздағы жолдың құрылысына тоқталып өтті.
–Бүгінде «Қызылорда - Жезқазған» автомобиль жолын реконструкциялау жұмыстары қарқынды жүруде. Тас жолдың 216 шақырымы біздің облыстың аумағына тиесілі. Тиісінше, осы жолдың 104 шақырымы толық аяқталып қалды. Автомобиль жолы 6 лотқа бөлінген. Республикалық маңыздағы жол толығымен жарықтандырырылады, 2 дана жол айрығы, жол өткелдері, 3 көпір, 2 дана көпфункцияналды аралық бақылау аркалары, дәретханалар мен демалыс алаңдары қамтылады, - деді Ерсайын Болатұлы.
Айта кетейік, Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі автовокзал ғимараты салынуда. Жаңа нысан осы жылдың желтоқсан айында іске қосылады.
Қызылорда қаласындағы темір жол вокзалы күрделі жөндеуден өтуде.
Болат Өтемұратов жеке қорымен «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалы салынуда.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

01 қараша 2023 ж. 468 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 378
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 152

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930