» » Самара-Шымкент тас жолы ақылы болмақ

Самара-Шымкент тас жолы ақылы болмақ


15 қарашадан бастап республикалық маңызы бар Самара-Шымкент тас жолы ақылы негіздегі жүйеге қосылады. Ақылы жолдар тарифі жеңіл көліктерге 1 шақырымға 1 теңге, жүк көліктері мен автобустарға техникалық көлемдеріне байланысты 5 теңге мен 25 теңге аралығында болады. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Әбсұлтанов хабарлады.
Облыс аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 3 397 шақырымды құрайды. Оның - 1016 км республикалық, 557 км - облыстық, 1824 км - аудандық маңызы бар автомобиль жолдары. Қайрат Байғабылұлының айтуынша, биыл өңір аумағынан өтетін республикалық маңызы бар ұзындығы 812 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары ақылы жүйеге ауыспақ. Онда автомобильаралық бақылау аркалары орнатылып, жүйені пайдаланушыларға қызмет көрсететін орталықтар ашылды. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында республикалық және облыстық бюджет есебінен ұзындығы 216 км облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары жөндеуден өткізілуде.
Ақылы жүйеге енгізілген автомобиль жолдарында «ашық» жүйесі қолданылмақ. Сондай-ақ, көліктердің өтуі арнайы бейнекамералар және арнайы жабдықтардың көмегімен бақылау аркаларына бекітілген.
«Ақылы жолдар жобасы 2019 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол 2020-2025» мемлекеттік бағдарламасы негізінде қабылданды. Аталған бағдарлама шеңберінде еліміздегі 11 мың шақырымды құрайтын автожол ақылы жүйеге ауысады. Қазіргі таңда жеті жаңа ақылы учаскені пайдалануға енгізу туралы бұйрыққа қол қойылды. Бұйрыққа сәйкес, І-ші техникалық санаттағы учаскелердегі ақылы жүйе 15 қарашадан бастап енгізіледі. Ақылы жүйе іске қосылатын автожолдар: Шымкент-Қызылорда, Нұр-Сұлтан – Павлодар, Шымкент-Өзбекстан шекарасы, Щучинск-Көкшетау, Қапшағай-Талдықорған, Шымкент-Тараз, Тараз-Қайнар бағыттары», - деді «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК АҚ Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары Шанжархан Мырзабай.
08 қараша 2021 ж. 476 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 991

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031