» » ЭКОНОМИКАНЫҢ БАРЛЫҚ БАҒЫТЫ БОЙЫНША ОҢ СЕРПІН БАР

ЭКОНОМИКАНЫҢ БАРЛЫҚ БАҒЫТЫ БОЙЫНША ОҢ СЕРПІН БАР


Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында Қызылорда облысында әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика қалыптасты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Сәкен Мырзабек мәлімдеді.

- 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында облысымызда өнеркәсіп, инвестиция, құрылыс, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік салаларында тұрақты өсім байқалды. Облыс кәсіпорындарымен өндірілген өнім көлемі артып, өңдеу өнеркәсібінде 17 пайызға жуық өсім тіркелді. Бұл - металлургия, тамақ және жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің ұлғаюымен байланысты. Біз жыл соңына дейін 20-дан астам жобаны жүзеге асырып, 500-ден астам адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отырмыз. Бұл тек жаңа жұмыс орындары емес, сонымен қатар экономиканың сапалы әрі орнықты дамуына қосылған нақты үлес. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстары мен тұрғын үй тапсыру көлемі артты. Ауыл шаруашылығында да оң көрсеткіштер бар. Ет, сүт, жұмыртқа өндірісі артып, ішкі нарықпен қатар сыртқы нарыққа да бағытталып жатыр. Қазіргі таңда өңірде 60 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істеп тұр. Алты айда 18 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылып, соның 6 мыңнан астамы - тұрақты. Бұл - халықтың табысын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған нақты қадамдар. Біз осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастырамыз,- деді Сәкен Салхадинұлы.


31 шілде 2025 ж. 87 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930