» » КӘСІПКЕРЛІК ПЕН ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНДА ТҰРАҚТЫ ӨСІМ БАР

КӘСІПКЕРЛІК ПЕН ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНДА ТҰРАҚТЫ ӨСІМ БАР


Ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында аймағымызда кәсіпкерлік пен өнеркәсіп салаларында оң өсім қалыптасты. Өңдеу өнеркәсібі мен сауда көлемі артты, инвестиция тарту көрсеткіші жоғарылады. Сонымен қатар, шағын және орта бизнестің үлесі мен белсенділігі де елеулі түрде өскені байқалады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Дәурен Әбілқайыров мәлімдеді.

- Биылғы алты айда өңдеу өнеркәсібі мен сауда саласында айтарлықтай өсім бар. Шағын және орта кәсіпкерлік өнім көлемі артып, аймақ экономикасындағы үлесі 19 пайызға жетті. Жалпы өңірде 65 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істеп тұр. Онда еңбекке жарамды халықтың үштен біріне жуығы жұмыспен қамтылған. Бұл кәсіпкерлік саласының әлеуметтік маңызын да айқындайды. Сонымен қатар, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі де артты. Өз кезегінде бұл көрсеткіш облысымыздың инвестициялық тартымдылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Қазіргі таңда өңір экономикасын әртараптандыру бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Ірі жобалар қатарында жаңа жылу электр орталығы, кірпіш зауыты, кондитерлік және макарон өнімдерін шығаратын кешен, түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіретін зауыт, жолаушылар вагондарын жөндеу орталығы және қуаттылығы жоғары күн мен жел электр станциялары бар. Бұл жобалар іске қосылғанда жаңа жұмыс орындары ашылып, өндірістік әлеуетіміз арта түседі. Сонымен қатар, «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағы аясында бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асуда. Осы және өзге де бастамалар аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретіні сөзсіз, - деді Дәурен Тұрғанбайұлы.

29 шілде 2025 ж. 157 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 082
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 741

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031