» » ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ӨСУ ҚАРҚЫНЫ БОЙЫНША ҚЫЗЫЛОРДА БІРІНШІ ОРЫНДА

ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ӨСУ ҚАРҚЫНЫ БОЙЫНША ҚЫЗЫЛОРДА БІРІНШІ ОРЫНДА


«Ауыл аманаты» - ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған бірегей жоба. Бұл мемлекеттік қолдауды шаруалар түрлі мақсатта пайдаланып жатыр. Аймақта аталған бағдарлама мен агроөнеркәсіп кешеніндегі ірі инвестициялық жобаларды жеңілдікпен несиелендіру жалғасын тапты. Бүгінгі күні «Ауыл аманаты» жобасы аясында 61 жоба несиелендірілді. Осы және өзге де кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында баяндалды.
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Бекболат Шәріпбековтің айтуынша өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны бойынша Қызылорда облысы өңірлер арасында бірінші орында.

- Аймақта индустрияландыру шараларының нәтижесінде өнеркәсіптің өңдеу саласы қарқынды дамуда. Мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне қарамастан, өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 2%, өңдеу өнеркәсібі – 28%, сауда – 6,0%, негізгі капиталға тартылған инвестиция – 25,1% артты, - деді басқарма басшысы.

«Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы 79 жоба, «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы 452 жоба несиелендірілді. Облыс аумағында 53 жаңа өндіріске қолдау көрсетілген.

- Өздеріңізге мәлім, бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекет тарапынан қайтарымсыз гранттар беру қарастырылған. Биылғы жылы 5 млн теңгеге дейінгі гранттар әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері мен «Бір ауыл бір өнім» жеңімпаздарына арналды. Конкурстық іріктеуге 33 өтінім жіберілді. Бүгінгі күні конкурстық іріктеу өтуде. Бұдан өзге, бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар биыл 1558 жобаға берілді, - деді Бекболат Жүнісәліұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

23 қазан 2024 ж. 216 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 628
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 400

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031