» » Президенттің төрағалығымен Үкімет отырысы өтеді

Президенттің төрағалығымен Үкімет отырысы өтеді

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz


«Өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және биылғы жылға арналған міндеттер осы айдың соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысында қаралатын болады. Жалпы, пандемияның елеулі әсеріне және жаһандық экономикалық дағдарысқа қарамастан, Қазақстанның экономикасы тұрақты екенін көрсетті», - деді Асқар Мамин.
Оның айтуынша, нақты сектордағы негізгі салалар, соның ішінде өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларындағы өсім – экономиканың тұрақты болуының басты факторларына айналды.
«Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінде өсім 3,9 пайызға, оның ішінде металлургия өндірісінде – 2,6, тамақ өнімдерінің өндірісінде – 4, фармацевтикада – 47, дайын металл бұйымдарының өндірісінде – 19,7, машина жасауда – 16,3, оның ішінде автомобиль жасауда – 52,5, сондай-ақ қағаз өнімдерінің өндірісінде – 16,4 және жеңіл өнеркәсіпте 15 пайызға өсім қамтамасыз етілді. Құрылыс көлемі 11,2 пайызға артты. 15,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, бұл көрсеткіш 16,8 пайызға артты. Осындай жоғары көрсеткіш бұрын болмағаның атап өту қажет. Ауыл шаруашылығында тұрақты өсу 5,6% пайыз деңгейінде қамтамасыз етілді», деді ол.
12 қаңтар 2021 ж. 1 296 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 405
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728