» » ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ - БАСТЫ БАСЫМДЫҚ

ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ - БАСТЫ БАСЫМДЫҚ


Аймағымызда энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Газдандыру, ауыз су, электр энергетикасы, жылумен қамту және апатты үйлер мәселесін шешу бағытында бірқатар маңызды жобалар іске асырылуда. Жаңа жылу электр орталығының құрылысы, ыстық сумен қамту жүйесі және көпқабатты үйлерді жөндеу өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп отыр. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Ізмағамбетов баяндады.

- Газдандыру, ауыз сумен қамту, электр желілерін жаңғырту, жылумен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Облыстың барлық қалалары мен аудан орталықтары табиғи газға қосылды, биыл бірнеше ауылдық елді мекендерге газ беріліп, қамту деңгейін 82 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Ауылдарды сапалы ауыз сумен қамту - біздің басым бағытымыздың бірі. Қазір осы мақсатта топтық су құбырлары тартылып, ішкі су жүйелері жаңартылуда. Электр энергетикасында тозған желілер мен қосалқы станциялар кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр. Қызылорда қаласын ыстық сумен қамту мәселесін шешу де басты назарда. Жаңа жылу электр орталығының құрылысы қарқынды жүріп жатыр, ол толық іске қосылғанда облыстың энергетикалық қауіпсіздігі толық қамтамасыз етіледі. Біздің міндет - әрбір жобаны сапалы аяқтап, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға барынша үлес қосу,- деді Бауыржан Нұрланұлы.


24 шілде 2025 ж. 74 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 636
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 406

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031