» » ӨҢІРДІҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ АРТУДА

ӨҢІРДІҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ АРТУДА


Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында Қызылорда облысында ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Жаңа жылу электр орталығының құрылысы мен қала аумағын ыстық сумен қамтамасыз ету жұмыстары - өңір үшін стратегиялық маңызы бар бастамалар саналады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тахир Нәдірбек пен «Қызылордажылуэлектрорталығы» директоры Бақытжан Молдиманов мәлімдеді.

- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қызылорда қаласында қуаттылығы 240 мегаватт электр және 277 гигакалория жылу энергиясын құрайтын жаңа жылу электр орталығының құрылысы жүріп жатыр. Бұл жоба өңірдегі электр тапшылығын болдырмауға бағытталған. Құрылысқа қажетті барлық негізгі қондырғылар жеткізіліп, монтаж жұмыстары қарқынды жүруде. Қазіргі таңда жобаның орындалу деңгейі 70 пайыздан асты. Құрылыс алаңында 1200-ден аса маман мен 130-ға жуық техника жұмыс істеуде. Жобаны толығымен түркиялық инвестор - «Aksa Energy» компаниясы жүзеге асырып отыр. Жаңа орталықты 2025 жылдың соңында іске қосу көзделген, - деді Тахир Қуанышбекұлы.

- Мемлекет басшысы 2023 жылғы жұмыс сапары аясында Қызылорда қаласын ыстық сумен қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырған болатын. Осыған сәйкес, 423 көпқабатты тұрғын үйді ыстық су жүйесіне қосу мақсатында екі кезеңнен тұратын жоба қолға алынды. Бірінші кезеңде 187 үй қамтылып, биыл бұл жұмыстар толығымен орындалды. Енді 2025 жылы 236 үйге желі тарту жоспарлануда. Қазірдің өзінде Ақмешіт пен Мерей мөлтек аудандарындағы 60-тан астам үйде құрылғыларды орнату басталып кетті. Бұл жұмыстар толығымен аяқталғанда қала тұрғындары жыл он екі ай үздіксіз ыстық сумен қамтамасыз етіледі, - деді Бақытжан Молдабекұлы.

12 шілде 2025 ж. 96 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930