» » ЖАҢА ЖЫЛУ-ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

ЖАҢА ЖЫЛУ-ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ


Оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында қолға алынған ауқымды жоба – Қызылорда қаласынан 240 МВт электр энергиясы мен 277 Гкал жылу энергиясын өндіретін жаңа жылу-электр орталығын салу. Құны 215 млрд теңге болатын құрылысты Түркияның «Aksa Energy» компаниясы жүргізуде. Бүгінде орталық құрылысына 137 млрд теңгеден астам инвестиция салынды.
Жоба аясында қуатылығы 180 МВт болатын 2 газ-турбина қондырғысы (General Electric, АҚШ), 95 МВт-тық бу турбинасы (Doosan Skoda, Чехия), 2 бу қазандығы (AC BOILERS, Италия) мен 4 жылу қазандығы (Mimsan, Түркия) қойылады. Қазіргі кезде негізгі қондырғылар жеткізіліп, орнатылуда. Құрылыс жұмыстарының 70%-ға жуығы аяқталды.
Президент тапсырмасымен Қызылорда облысында салынатын, құны 800 млрд теңге, қуаттылығы 1100 МВт болатын бу-газ қондырғыларының құрылысы – оңтүстік өңірлердің энергетикалық тәуелсіздігіне бағытталған мегажоба. «Самұрық Энерго» компаниясы Катар инвесторымен келіссөз жүргізіп, техникалық-экономикалық негіздемесін әзірледі. Жаңа бу-газ қондырғыларын салу үшін облыс әкімдігі 280 гектар жер телімін бөлді. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өте маңызды жобаны 2028 жылы іске қосу жоспарланған.
Оңтүстік өңірлерге табиғи газ тарту мақсатында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының екінші желісін салу көзделген. Ұзындығы 1500 шақырым болатын газ желісінің 843 шақырымы Қызылорда облысының аумағынан өтеді деген болжам бар.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

30 мамыр 2025 ж. 98 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930